Асау мәстек Ойын бастаушы арқанды жерден 50 см –дей биік етіп керіп байлайды да қасындағы балаларға
Былай дейді.
Ер екеніңді білейін
Ешкі сойып берейін
Тақия алсаң еңкейіп
Құламасаң теңкейіп
Ерлігіңе сенейін
Ойын шартын қабылдап ,ортаға шыққан бала:
Асау мәстек бұл болса
Үйретейін көріңіз
Маған таяқ беріңіз!-дейді де таяқпен арқаннан асылып жердегі тақияны іліп алуы керек.Ойынды келесі бала осылай жалғастырады.
1. Сапқа тұрғызу, ара қашықтықты өлшеу.
2. Орнынан кіші допты лақтыру тәсілін үйрету .
3. Сызық бойына 4,5 қадам жасап тоқтау.
4. Сыныпты 2 топқа бөліп 40 м қашықтықта қарама қарсы тұрып кіші допты лақтыру.
5. Оқушыларды 3 топқа бөліп «Кім мықты?» жарысын өткізу.
Қалыптастырушы бағалау: Фишкалар Залда фишкалардан алдын ала дайындалған түрлі-түсті фишкалар қойылған. Оқушылар өздерін бағалауда осы шеңберлердің ішіне орналасуы керек. Ақ түсті шеңберге барлығын жақсы орындадым деген оқушылар.
Жасыл түсті шеңберге көбіне жақсы орындадым деген оқушылар.
Көк түсті шеңберге кейбірін жақсы орындадым деген оқушылар.
Үлкен бос кеңістік.
Волейбол добы, ысқырық, конустар.
Сабақтың соңы
5 мин.
Сабақты қорытындылау: сабақ соңында нәтижелер қорытындыланып, не білгені, қалай жұмыс жасағандары талқыланады.
«Нысана» рефлексиясы. Оқушылар маркерлермен нысанаға қаншалықты сабақ мазмұнын меңгергендігін білдіріп нүкте қойып кетеді.
Саралау – Көбірек қолдау көрсетуді Сіз қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушылардың алдына қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? Дене шынықтыру сабақтарында саралық тәсілдемеге оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай олардың дене саулығының, дене дайындығының оңтайлы деңгейіне, сондай-ақ тиісті білім, біліктер және дағдылар көлеміне қол жеткізуге мүмкіндік беретін ерекше тәсілдеме жатады.
Дене дайындығының деңгейі төмен оқушыларды қолдау үшін: допты нысанаға лақтыруды қайталау
Қабілетті оқушыларға: нысанаға допты қозғалыста лақтырып тигізу
Бағалау -Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарладыңыз? Сабақтарда бағалауды мұғалім келесілер арқылы сабақ барысында жүзеге асырады: