Сабақ: 1-2 Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Тогысбаева Ф. Д сынып: 5



бет3/4
Дата30.09.2022
өлшемі40,98 Kb.
#40889
түріСабақ
1   2   3   4
Сабақтың ортасы
10 минут

23 минут


Әңгімелеу 
Адам өміріндегі ең басты құндылық туралы түсініктерін кеңейту.Ата-ана,денсаулық,бақыт және т,б құндылықтардың мәні туралы ойлары мен түсініктерін бекіту мақсатында мынадай сұрақтар қойылады. 
*Сен үшін басты құндылық не? 
*Қандай құндылықтарды ешқандай ақшаға сатып алуға болмайды?
Мәтінмен жұмыс 
"Ата өсиеті" әңгімесін кідіріспен айта отырып,сұрақ қою арқылы оқушыларды да әңгімеге қатыстырады.Оқушылардың әңгіме мазмұнынан ұққан түсініктері сұрақтарға берген жауаптарынан көрінеді. 
*Нұртас неліктен өз-өзіне риза болмады? 
*Қария "өмірді сүю керек" дегенді не үшін айтты? 
*Әңгімені қалай жалғсатыруға болады?
.Дәйексөз 
"Өзіңді танығың келсе,адамдарға,олардың ісіне қара" 
Фридрих Шиллер 
.Мұғалім сыйы 
Өнегелілік туралы 
Б.Момышұлы 
Сырын ашсақ,тәрбие ана сүтімен бірге сана-сезімге сіңіп,дағдыға,әдетке айналуы қажет.Үлкенді сыйлау,парыз бен ар-ұятты қасиет тұту,қоғамдық тәртіпті мүлтіксіз сақтау,заңға мойынұсынушылық , адамды бәрінен ардақтау-адам бойында адамгершілік, Отанға,елге,халыққа, үй ішіне,адамға,өмірге, деген сүйіспеншілік сияқты жақсы қасиеттерге тәрбиелейді.Өнегелі тәрбие алған адам Отанға берілгендік,әділдік,тәртіптілік сияқты жауынгерлік қасиеттердің негізін бойына сіңіреді... 
Біз "Өлімнен ұят күшті" ," Жаным-арымның садағасы"деген қағиданы қатаң ұстай отырып,адамгершілік сезімін тәрбиелеуге тиіспіз. 
.Шығармашылық жұмыс 
"Өмірді танып білгім келеді" тақырыбына әңгіме құрастыру тапсырылады. 
.Жаттығу -ойлану 
Сынып үш топқа бөлініп,әр топ өз сұрақтары бойынша плакаттағы сұлбалар сызбасына жауаптарын жазады. 
1- топ.Өмірде кімдердің көмегін,қамқорлығын сезіндіңдер? Олардың өмір сүруге қандай көмегі бар? 
2-топ.Өз бойыңнан адамның қандай жақсы қасиеттерін сезініп білдіңдер?Өмірде қандай жағдайда сол қасиеттеріңнің септігі тиді? 
3-топ.Өмірді сүю неге жетелейді? 
Адамға өмірді танып білу не үшін қажет? 
Күтілетін жауаптар: 
1.Ата-анамның,туыстарымның,достарымның,ұстазымның, 
көршімнің,сыныптасымның т.б. 
2.Үлкенді сыйлаймын.Қамқорлық жасай аламын. Достарым көп. Көпшілікпен тіл табыса аламын.Жақсы оқуға тырысамын.Әдепті баламын т.б. 
3.Өмірді сүю жақсы өмір сүруге,шыдамдылыққа, төзімділікке ,ынтымаққа жетелейді және т.б 
Мына сұрақтар көлемінде әр топ өз білгендерін ортаға сала отырып , өз ойларын ортаға салады:

  1. Өзімді тани блемін ?

  2. Өзім туралы не айтамын



Дескрипторлар:
- Тыңдалым мәтінінің ерекшелігін салыстырады
және өзіндік қорытынды жасай алады.
- Эссе құрылымы мен дамуын сақтап жазады;
- Көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу
себептерін айқын көрсетіп жаза алады.


https://www.youtube.com/watch?v=yQ3P51gczR4





Кері байланыс
3 минут


Не білдім? Не білгім келеді? Не білемін? сұрақтарына жауап беру арқылы кері байланыс береді.




Бағалау
2 минут

Топтар бір-бірінің жеткен жетістіктерін айта отырып бағалайды.




Қосымша ақпарат



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет