Сабақ: №1 дәріс Пән: Халық ауыз әдебиеті Күні


Жанрдың атқаратын қызметі



бет4/4
Дата06.09.2022
өлшемі36,18 Kb.
#38522
түріСабақ
1   2   3   4
Жанрдың атқаратын қызметі. Бұл шарт бойынша, қазақ фольклорының прозалық жанрлары танымдық (познавательный), мағлұматтық (информативный), ғибраттық (воспитательный), сауықтық (развлекательный), эстетикалық болып бөлінеді.
Шындыққа қатысы. Бұл критерийге сәйкес қазақ халық прозасы тарихи негізі бар (деректі), тарихи негізі жоқ (дерексіз) деп жіктеледі.
Прозалық шығармалардың көркемдік сипаты. Аталмыш принцип бойынша қазақ халық прозасы қарапайым және көркем проза болып екіге бөлінеді.
Прозалық шығармаға айтушы мен тыңдаушының қатысы. Бұл шарт негізінде фольклорлық прозаны ел сенетін, сенбейтін деп саралауға болады.
Прозалық жанрлардың шығу мерзімі. Аталмыш шарт бойынша баяғыда пайда болып, қалыптасқан жанрлар бар және бұрын да, қазір де туатын жанрлар бар.
Міне, осының бәрін ескере отырып, бүкіл совет фольклортану ғылымының фольклорлық жанрлар теориясын зерттеудегі табыстарына сүйене отырып, біз қазақ халық прозасын екі үлкен топқа бөлдік. Бірі – аңыздық проза, екіншісі – ертегілік проза. Бұлардың әрқайсысы ішкі жанрларға жіктеледі. Аңыз - дық проза миф, хикая (быличка), аңыз (предание), әпсанахикаят (легенда) жанрларын қамтиды. Ертегілік прозаға жануарлар жайындағы, қиял-ғажайып, батырлық, ғибраттық және сықақ ертегілер жатады.
Енді осы аталған жанрлардың шығу, даму жолдарын, ерекшеліктері мен ұқсастықтарын, жалпы табиғатын, көркемдік қасиетін зерттеуге кірісеміз.
Ұсынылып отырған классификация – бізге жеткен фольклорлық прозаның жанрлық жүйесін жасауға алғашқы талпыныс деп ұғылғаны абзал. Бұл саралау халық прозасын көркемдігі мен болмыс қатынасына қарай жіктеу принципі бойынша жасалып отыр. Сонымен қатар қазақ, халық прозасының ұлттық фольклорымызбен қарым-қатынасы һәм байланысы да сипатталады.

Әдебиеттер тізімі:


1. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – Алматы, 1969. – 222-б.
2. Қабдолов З. Әдебиет теориясының негіздері. – Алматы, 1970. – 307-312-бб.
3. Уахатов Б. Қазақтың халық өлеңдері. – Алматы, 1974. – 75-б.
4. Қасқабасов С. Т.1. Қазақтың халық прозасы. Зерттеулер. Таңдамалы. – Астана: Фолиант, 2014. – 320 бет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет