Жаңа сабақты түсіндіру Балалар, Power Point бағдарламасы туралы жалпы не білесіңдер, соны «Білетінім» графасына, бұл бағдарлама туралы жалпы не білгің келеді, соны «Үйренгім келеді» графасына жазыңдар. (3-минут)
Топ басшылары жазғандарын оқиды. І
Стратегия: «Өзім үшін жазу»
Слайдпен көрсетіп, түсіндіру:
1-слайд – Презентацияны жасақтауда келесі ұсыныстар ескерілгені жөн:
Презентацияның мақсаты мен жалпы мазмұнын жан-жақты жоспарлау;
Әрбір слайд мазмұнды және есте қалатындай болып құрылуы қажет;
Слайдтағы ақпараттар қарапайым және мазмұнды болуы керек;
Слайдтарды безендіруде түстерді таңдау қажет;
Тыңдаушылардың назарын аударатындай анимациялық өтеулер, видеодыбыстар қолданылу ұсынылады.
2-слайд - MS Power Point - көрмелерді әзірлеуге арналған бағдарлама.
3-слайд – Дизайн - фонды таңдау.
4- слайд – Анимация –анимация таңдау – Применить ко всем
5-слайд – Переходы (Өту)– Түр таңдау
6-слайд – 1. Главная –Создать слайд
2. (Ctrl+M)
3. Enter
4. Тышқанның оң жағы-Копировать-Вставить
7-слайд – Вставка – Word Art
8-слайд – Анимация – Настройка анимация – Добавить эффект
9-слайд – 1. Показ слайдов– С начала
2. (Ғ5)
3. Показ слайдов – С текущего слайда
Стратегия: «Топпен зерттеу»
(Топ басшылары қорғайды)
Тақырыбы “Ғарышкерлер күні”, «Атырау-туған өлкем», 9 мамыр «Жеңіс күні»
Тапсырма: Берілген тақырыптар бойынша /3 слайд/ презентация құру, дизайн таңдау, анимация таңдау, әдемілеп жазу, яғни:
1. Тақырыбы
2. Суреті, өлең, мәтін жазу
3. Мазмұны
«Кім жылдам?» (5 минут)
Стратегия: «Бес жолды өлең»
Ортаға топ басшыларын «Айтысқа» шақырып, «Презентация» деген бір парақ ұсынып, бес жол өлеңді құрастырту.
1. зат есім - бір сөзден
2. сын есім - екі сөзден
3. етістік – үш сөзден
4. сөз тіркесі – төрт сөзден
5. синоним – бір сөзден