Жаңа сабақты түсіндіру Тақырып бойынша оқушылардың білімін актуалдау үшін мұғалім сұрақ қояды: «Презентация құру үшін нені білу, нені жасай білу керек?»
Бұрынғы уақыттарда баяндамашылар ватман қағазға әртүрлі схемалар, кестелер, формулалар, диаграммалар салып, кнопкамен тұрғызып жүретін еді.
Мультимедиа – біруақытта ақпаратты әртүрлі жағдайларда көрсетуге көмектесу технологиясы (сандарды, мәтіндерді, графикаларды, анимацияларды, дыбысты, бейнефильмдерді).
Слайд сияқты презентация және бейнепрезентациялар жоғары дәрежеде көрініп келеді. Көптеген көңілдерді өздеріне аударады.
Бұл тақырып жоғарғы сыныптар үшін маңызды, өйткені олар ғылыми жоба жұмыстарын, баяндамаларын, рефераттарын қорғауда үлкен көмегін тигізеді.
Бірінші сабақта 5 адам өзінің жоба жұмыстарын қорғайды, қалған оқушылар қазылар болып баға қояды. Келесі сабақта қазылар мен баяндамашылар орындарын ауыстырады.
Оқушылардың сөзі (5 адам х 5 минут = 25 минут)
Әрбір қатынасушы қорғау жоспарын алады. Проектор көмегімен презентация слайттарын үлкен экранда көрсетеді. Қорғау – 4 минут, пікірлесу – 1 минут.
Жоба жұмысын қорғау жоспары: