Программа өнімділігін арттыру және тапсырмаларды автоматтандыру



бет1/3
Дата24.04.2023
өлшемі59,1 Kb.
#86182
түріПрограмма
  1   2   3

УДК 004.4


Mel тілінде программа өнімділігін арттыру және тапсырмаларды автоматтандыру


Ұ.Ж. Айтимова1, Д.К. Аханова2
1 физика-математика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы, 2 2 курс магистранты С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (Нұр-Сұлтан), Қазақстан


Аңдатпа: Бүгінгі таңда үш өлшемді анимация әлемде өз орнын таба білді, ал компьютерлік графика өнеркәсібі әртүрлі салаларға кеңейді. Анимация - мультфильмдер, фильмдер, компьютерлік ойындар жасау үшін ғана емес, сонымен қатар мультимедиялық қосымшалар, жарнамалар, түрлі тренингтер жасау үшін қолданылады. Осындай анимацияларды құратын озық графикалық редакторлардың бірі - Autodesk Maуa.
Кілттік сөздер: MEL, модельдеу, анимация, автоматтандыру, Maуa.

Autodesk Maуa программалық жасақтамасы түрлі құрылымдар мен қызметтерде кеңінен қолданылады. Дегенмен, анимация және модельдеу көп уақытты талап етеді. Осы мәселеге қатысты тапсырмаларды автоматтандыру үшін MEL қолданылады. Кіріктірілген MEL тілін басқа да платформаларға тасымалдауға болады. Ол құрылғының конфигурациясына байланысты бірнеше мүмкіндіктерді қамтиды. MEL - дегі командалар нақты бір платформаларға қарамастан жұмыс істейді. Осылайша, MEL көмегімен бағдарлама өнімділігін жақсартуға болады.


Maya Software Development Kit (SDK) құрамы Maya программалық жасақтамасына жаңа функциялар қосуға мүмкіндік беретін құралдар жиынтығына бай. SDK құрамында Maya API деп аталатын C ++ API бар, олар Maya моделін өзгертеді, сұраныстардың функционалдылығын қамтамасыз етеді және онда Maya моделіне жаңа нысандарды қосу мүмкіндіктерін береді.
Осыған орай, тапсырмалардың орындалу уақытын азайту үшін 3 түрлі тест жүргізілді: Vertex итерациялық тесті, көбейтуге арналған матрицалық тест және өзгерту тесті.

Сурет 1 Vertex итерациялық тестінің қарапайым мысалы
Сыналатын әр төбе үшін 100 рет тест жүргізілді. Тест OpenMaya, PyMEL және MEL-де қолданылды. Бастапқы тестілеу өте төмен жұмыс уақытын көрсеткендіктен (уақыттың көп бөлігі нөлге тең) матрицаны көбейту 100 рет, ал тест 1000 рет орындалады. Барлық тест функциялары орындалғаннан кейін, тестілер Maya скрипт редакторынан бірдей түрде Python және MEL жүйелерінде орындалды. Тест орындалғаннан кейін CSV-файлындағы барлық мәлімет Microsoft Excel–ге импортталды.
Тест нәтижелері суретте көрсетілгендей әр түрлі сынақтардың орындалуында айырмашылық бар екенін көрсетеді. 50 және 100 өзгертулер кезінде екі нұсқа да бірдей жылдам деген нөлдік гипотезаны жоққа шығару үшін .cmds және OpenMaya нұсқасына статистикалық айырмашылықтың жеткіліксіз, бірақ 900 жағдайда айырмашылықтың нақты бар екенін көрсетеді.
MEL жылдамдығы мен барлық басқа сынақтардың арасында айтарлықтай айырмашылық бар екенін көріп, осы тест нәтижелері MEL-дің ең жақсы өнімділікке ие екенін көрсетеді [1].



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет