Интерфейсті жасаудағы жалпы ұсыныстар Интерфейс жасау кезінде келесі принциптерді ұстану керек:
- Стандарттау. Бағдарламалаушылардың және қолданушылардың көпшілігімен тексерілген стандартты интерфейстік шешімдерді қолданған жөн. Мысалы, Microsoft шешімдері. Мысал ретінде кез-келген қосымшаны — Word, Excel немесе Microsoft басқа қосымшаларды да алуға болады. Microsoft бағдарламаларды тестілеуге және жақсартуға көп қаражат жұмсайтынын айта кеткен жөн. Сондықтан, оның бағдарламаларын танып-білу сіздің оқуыңызға үлкен септігін тигізеді. Интерфейстік шешімдер деп формалардың дизайны, басқару элементтерін үлестіру, басқару батырмаларындағы белгілер, мәзір командаларының аттарын айтамыз;
- Жұмыстың қолайлығы мен қарапайымдылығы. Интерфейс интуитивтік дәрежеде түсінікті болу керек. Әрекеттердің барлығы жеңіл есте сақталып, қосымша әрекеттерді қажет етпеуі керек;
- Сыртқы дизайн. Интерфейс көзді шаршатпау керек. Ол қолданушының қосымшамен ұзақ жұмыс істейтіндігін ескеру керек;
- Формалардың аса жүктелмеуі. Формалар басқару элементтерімен оптималды жүктелуі болу керек. Қажет болса, қосымша беттер және қосымша формалар қолдануға болады;
- Топтау. Формадағы басқару элементтерін мағынасына қарай топтау керек, топтауда мына элементтерді қолданамыз: жақтаулар, фреймдер;
- Форма объектілерінің сиректелуі. Басқару элементтерін бір-бірінен сәл алшақтатып орналастыру керек. Формада бос орындар болу тиіс.
Қорытынды Синквейн (француз тілінен) – «5 қатар», өлең жолының 5 қатары.
Бірінші қатар – бір зат есім (тақырып)
Екінші қатар – екі сын есім (тақырыпты ашатын)
Үшінші қатар – үш етістік (тақырып бойынша іс-әрекетті суреттейтін)
Төртінші қатар – сөйлем
Бесінші қатар – бір сөз – қорытынды (тақырып синонимі)
Рефлексия. Оқушылар өздеріне қиық қағазға жазылып үлестірілген одағайды қиып, үш топқа бөліп, тиісті қорапшаларға салады.