І Психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Шаттық шеңбер» әдісі бойынша жақсы тілек айту
Сынып оқушыларын сурет қиындыларын біріктіру арқылы топқа біріктіру
1-топ «Робот»
2-топ «Компьютер»
3-топ «Принтер»
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
«Кубизм» стратегиясы арқылы өткен тақырыпты қайталау.
1. Алгоритм дегеніміз не?
2. Алгоритм атауы кімнің атымен байланысты аталған?
3. Алгоритмнің жазылу жолдарын атаңдар?
4. Алгоритмнің түрлерін ата?
5. Алгоритмнің қандай қаситтері бар?
6. Блок-сызба дегеніміз не?
7. Алгоритм орындаушылары деген сөзді қалай түсінесіздер?
8. Алгоритмнің басы және соңы қандай блок-сызбамен белгіленеді?
ІІІ Жаңа сабақ
Жетелеуші сұрақтар арқылы сабақтың мәнін ашу.
Алгоритм орындаушы дегенімізді қалай түсінесіңдер?
Өмірде кездесетін және өздеріңе белгілі қандай алгоритмдерді білесіңдер?
Тапсырма№1
Берілген мәтін және сурет бойынша: 1, 2, 3 топтар тапсырманы орындап, топта талқылау арқылы постер құрады және қорғайды
1-топ суреттен алгоритм орындаушыларын тауып постерге салады
Алгоритм орындаушысы - алгоритмді жүзеге асырушы
2-топ Орындаушылардың командалар жүйесін тауып постерге салады
Орындаушының нақты орындауы мүмкін командалардың жиынтығы – орындаушының командалар жүйесі деп аталады.
3-топ Формальды және формальды емес орындаушыларды тауып постерге салады
Формальды орындаушы-бір команданы бір қалыпта орындайды. Формальды емес орындаушы-бір команданы түрлі әдіспен орындайды.
«Екі жұлдық, бір тілек» әдісі бойынша ек жақсы жақтарын бір ұсыныс айтылады.
Сергіту сәті. Көз жаттығуларын орындайды
Тапсырма№2
Компьютерде тәжірибелік жұмыс. Оқулықтағы сызбаны салып, толтыр
|