Қатардағы жаттығулар. Оңға, солға бұрылулар. Мәнерлі жүрістер.
Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Арақашықтықты сақтау. Козғалыстағы жаттығулар тізбегі. Қолға, аяқа арналған бой жазу жаттығулары. Шеңберге тұру.
Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.Созылуға, иілуге арналған жалпы дамыту жаттығуларды орындау. Буындарды, бұлшық еттерді негізгі қимыл-қозғалыстарды орындауға дайындау.
Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырық.
Сабақтың ортасы
(Д, К, Ф) Ойынға ұзындығы 3-4 м болатын жіп қажет, оның ұшында бұршақ немесе құм толтырылған қапшық бар. Ойынға қарапайым секіргішті пайдалануға болады. Бұл балықшы (жүргізуші) басқа балықшыны (басқа ойыншыларды).ұстайтын қармақ. Барлық ойыншылар шеңбер бойы тұрады, ал жүргізуші шеңбердің ортасында қолына жіпті ұстап тұрады.
Жүргізуші қапшығы бар жіпті еден бойы жылжуы үшін ойыншылардың аяқ астында шеңбер жасап, айналдырады. Олар қапшықтың қозғалысына ерекше назар аударады, оларды басып кетпес үшін секіреді. Қапшықты немесе жіпті басып кеткен оқушы ортаға тұрып, жіпті айналдыра бастайды, ал бұрынғы жүргізуші оның орнына шеңберге барады.
Соңғы қалған екі, үш ойыншы жеңеді.
Егер жіп тізеден төмен аяқтың бөлігіне тиіп кетсе, ойыншы ұсталған болып саналады.
(Д, К, Ф) Қазақтың ұлттық ойыны - Тиынды көтер (Куме алу)
Салт аттылар сигнал бойынша старттың шартты сызығынан шауып барып, шамалары жеткенше орамалда оралған, алаң бойы ойын мақсатында лақтырылған көбірек тиынды жинап үлгеруі керек. "Куме алу" ойынының балаға арналған нұсқасы келесідей қорытындыланады: алаңда финиш және старт сызығы сызылады. Ойын алаңы бойында тиындар жайылады. Балалар старт сызығы бойына тұрады және "старт" бұйрығы бойынша аттағы шабандоздарды бейнелеп (гимнастикалық таяқты ат ретінде аяқтарының арасына ұстайды) алаң бойына финиш сызығына жүгіріп барады, "шауып бара жатып" тиындарды жинайды. Тоқтамастан "шауып бара жатып" көп тиынды жинап, финишқа жететін оқушы жарыстың жеңімпазы саналады. Оқушылар финиш сызығына жеткенше ат үстінде шауып бара жатқандай болуы және тиынды көтергенде тоқтамауы керек.
Доптар, мұғалімге арналған ысқырық, кең ойын алаңы.
Бағаналар, доптар, ысқырық.
Сабақтың соңы
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі:Теориялық және практикалық жаттығуларда мұғалім командалық ойындарды ойнаған кезде, әдеттегі қателерге, жетістіктерге назар аударады анықтамалар береді. Оқушылар таңдаған белгілі ойындарға балалардың қызығушылықтарын қолдап және дамытып, дағдыларын дамытуға нұсқаулар беру, бақылау. Осы ойындарға байланысты басқа да баламалы нұсқаларды ұсынуға ұсыныстар жасау.