Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
2.2.5.1. Өзінің шығармашылық тапсырмалары мен басқаларының тапсырмалары бойынша талқылайды және қорытындылар шығарады, сонымен қатар конструктивті ұсыныс жасайды
2.2.2.1 Әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін командада жұмыс істей бастайды және өзіндік жұмыс жөніндегі білімді нығайтады
Сабақ мақсаттары
Әр түрліэстафеталық, қозғалмалы ойындарда қарапайым дене дамуына әсер ететін жаттығуларын орындау, әр түрлі қозғалыс-қимылды қайталау, орындаудың маңыздылығын білу, жаттығуларды тиісінше кешенді, ретімен орындау.
Бағалау критерийлері
Қарапайым әр түрлі қозғалмалы дағдыларды, эстафеталық жаттығуларды орындайды, дене дамуына ықпал ететінін, маңыздылығын түсінеді, қозғалыстарды ажыратады.
Тілдік мақсаттар
Тіл туралы сындарлы ойлауды ынталандыру (мысалы, тілдерді салыстыру, оқушыларды тілді нақты қолдануға жігерлендіру, оқу тілінде ілгерілеуді бағалау). Мысалы: •жүрек соғысы, жүрек соғысының жиілігі, дем алу кезіндегі жүрек соғысының жиілігі, жүректің жұмыс кезіндегі соғысы.