Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин.Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау.Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану.Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.
Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос кеңістік. Диаметрі шағын доптар 3-10 дана.
Сабақтың ортасы
(К) Оқушылар шеңберде тұрып, допты түсіріп алмай, жылдам көршісіне беруге әрекет жасайды. Бір-біріне допты өте жоғары мәнерде лақтыруға немесе шеңберге арқасымен қарап және қолдарын артқа ұстап тұрып беруге болады. Балалардан көздерін жұмып ойнау немесе ойында бір уақытта бірнеше допты пайдалану арқылы жаттығуды қиындатуға болады.
(К) Оқушылар дөңгеленіп тұрады. Жетекші шеңбердің ортасына тұрады және допты мына сөздермен жоғарыға лақтырады: «Допты аспанға!». Басқалары осы уақытта шеңбер ортасынан мүмкіндігінше әрі қарай жүгіруге тырысады. Жүргізуші допты қағып алып, «Тоқта!» деп айқайлайды Басқаларының барлығы тоқтайды, ал жүргізуші орнынан түспей, өзіне ең жақын орналасқан адамға допты лақтырады. «Тигізілген» жеткізушіге айналады. Жеткізуші мүлт кетсе, онда ол шеңбер ортасына қайтадан барады, допты жоғарыға лақтырады, ойын жалғасады.
Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос кеңістік. Диаметрі шағын доптар 3-10 дана.
Сабақтың соңы
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі:
Оқушалардан қозғалыстарда қандай жетістіктер бар және оны қалай жетілдіруге болатынын сұрау.
Оқушылар таңдаған қозғалыстардағы тірек-қимыл дағдыларын бақылау.