Сабақ №1. Микробиологиялық зертханада жұмыс жасау ережелері. Микроскоптау техникасы. Тірідей препараттар дайындау



бет26/27
Дата02.12.2023
өлшемі9,05 Mb.
#131672
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Аммиактың түзілуін бақылау. Микроорганизмдердің аммиакты тұзу қабілетін анықтау үшін ет-пептонды сорпа (ЕПС) ортасы пайдаланылады. Ол үшін ЕПС ортасын 8-10 мл-ден пробиркаларға құйып, 1 атмосферада залалсыздандырады. Дайын балған ортаға микроорганизмдерді егеді. Егу жүргізген соң мақта тығынның астына залалсыздандырылған лакмус қағазын қоректік ортамен жанасатындай етіп бекітеді. Содан кейін пробирканың тығынын аммиак ұшып кетпес үшін полиэтиленді қаппен орайды. Аммиактың түзілгендігін қызыл лакмус қағазының көк түске боялғандығынан анықтауға болады.
Егерде қоректік орта ретінде 4 % пептонды суды пайдаланса аммиактың түзілуін Несслер реактивінің көмегімен анықтайды. Фарфор пластинкаға бірнеше тамшы микроорганизмнің культурасының сұйықтығын тамызады және Несслер реактивінің бір тамшысын тамызады. Егерде ортада аз мөлшерде аммиак түзелсе орта сарыға боялады, көп мөлшерде түзілсе қоңыр түске боялады.
Индолдың түзілуін бақылау. Индолды бақылау Эрлих реактивін пайдалана отырып анықтайды. Сонымен қатар әр түрлі қоректік орта пайдаланады. Индолды бақылау үшін 0,01 % триптофан бар ЕПС немесе 2-3 % пептонды су ортасын пайдалануға болады. Ортаның рН – 7,2-7,4 болу керек. Орталарды 8-10 мл-ден пробиркаларға құйып, 1,0 атмосферада залалсыздандырады. Залалсыздандырылған ЕПС ортасына триптофанды ерітінді түрінде қосады. Ол үшін триптофанды суға қосады және 5 -10 % NaOH ерітіндісін толығымен ерігенше қосады. Триптофан ерітіндісін 0,5 атм. 15-20 минут залалсыздандырады. Содан кейін бактериялардың сұйықтығын егеді. Содан кейін 5 - тәулік өткен соң культурада және бақылау үлгісінде индолдың бар екендігіне көз жеткізу үшін сапалық реакция жасайд ы. Ол үшін ортаның бетіне араластырмай 1-2 мл Эрлих реактивін қосады. Егерде ортада қызыл түс пайда болса индолдың түзілгендігін көрсетеді.
Микроорганизмдердің молекулалық оттегіне қатысы және олардың анаэробты жағдайда өсуі. Микроорганизмдердің молекулалық оттегі қатысына байланысты микроорганизмдерді облигатты аэробтар, микроаэрофилдер, факультативті, аэротолерантты және қатаң анаэробтар деп бірнеше топқа бөледі. Микроорганизмдердің осы аталған топтың біреуіне жатқызу үшін микробтық сұйықтықты пробиркадағы 40-45 оС дейін суытылған агарлы тығыз қоректік ортаға инемен егеді. Қатаң аэробтар қоректік ортаның бетіне өседі, микроаэрофилдер – ортаның беткі қабатынан сәл төмендеу өседі, факультативті анаэробтар әдетте қоректік ортаның бетін бойлай өседі, қатаң анаэробтар тек ортаның түбінде өседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет