Сабақ №1. Микробиологиялық зертханада жұмыс жасау ережелері. Микроскоптау техникасы. Тірідей препараттар дайындау


Бактериялардың ет пептонды агар тығыз қоректік ортасында сызық (штрих) бойымен өсуі



бет24/27
Дата02.12.2023
өлшемі9,05 Mb.
#131672
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
зертханалық сабақ

Бактериялардың ет пептонды агар тығыз қоректік ортасында сызық (штрих) бойымен өсуі. Бактерияларды микробиологиялық тұзақ арқылы ет-пептонды агар тығыз ортасына егу жүргізеді. Содан кейін сипаттауды өсу қарқындылығына байлынысты келес і ерекшеліктеріне көңіл бөледі:
а) өсу қарқындылығы (әлсіз, орташа, жоғары);
б) өсу пішіні (шектелген, бұтақталған);
в) өсу сызығының шеті (тегіс, талшықты, жалбыраған, тістелген, шашақталған);
г) өсу сызығының жалтырауы (жылтыр, жылтыр емес);
д) өсу сызығының профилі ( жалпақ, дөңес );
е) өсу сызығының беті (тегіс, шашыраған, кедір -бұдырлы, қатпарлы);
ж) өсу сызығының түсі;
з) оптикалық белгісі (мөлдір немесе мөлдір емес);
и) культураның консистенциясы (тартылған, шырышты, іртіктелген, шеміршек тәрізді).

Сурет 24 – микроорганизмдердің культураларының егуге арналған Петри табақшасындағы әртүрлі тығыз қоректік орталар

Зертханалық сабақ № 14.


Культуралардың физиологиялық-биохимиялық қасиеттерін зерттеу. Зерттелетін штамды туыс және түрге дейін анықтау.

Зертханалық жұмыстың мақсаты: бактерияларды практика жүзінде идентификациялау үшін культуралардың физиологиялық, биохимиялық қасиеттерін бағалау.
Зертханалық жұмыстың міндеті: бөліп алған бактериялардың физиологиялық, биохимиялық қасиеттерін тәжірибелер қою.
Микроорганзмдердің физиологиялық, биохимиялық ерекшеліктерінің сипаттамасы олардың түрлі қоректік орталарда өсу қабілеттілігі мен сол қоректік орталардың құрамына кіретін нақты бір заттарды ыдырату қабілеттілігі кіреді. Әртүрлі көміртекті, азотты, және күкіртті қосылыстарды қолдануын, молекулалық оттегіне қатынасы, антибиотиктік заттарды түзу және белгілі бір субстраттарға ферментативтік белсенділік көрсету қабілеттілігі есептелінеді. Бірқатар жағдайларда микроорганизмдердің антибиотиктерге сезімталдылығы анықталады.
Микроорганизмдердің көмірсулы қосылыстарды пайдалануы.
Микроорганизмдердің барлығы бірдей қабілеттілікпен зат алмасуға қажетті көмірсулы қосылыстарды пайдалана алмайды. Әдетте олардың керекті көмірсулы қосылыстарда өсу мүмкіншіліктерін құрамында көміртегінің жалғыз көзі ретінде түрлі моно-, ди-, және полисахаридтерді, көп атомды спирттерді, органикалық қышқылдарды, көмірсутектерді қоректік ортаға қосу арқылы анықтайды. Көмірсулар мен көп атамды спирттер ретінде арабиноза, ксилоза, рамноза, глюкоза, фруктоза, манноза, галактоза, сорбоза, сахароза, лактоза, мальтоза, целлобиоза, рафиноза, декстрин, крахмал, целлюлоза, глицерол, маннитол, дульцитол, сорбитол, инозитол және т.б. пайдаланады.
Қоректік ортаның негізгі фоны келесі құрамнан тұрады (г/л): пептон – 5,0; K2HPO4 1.0; дистилденген су – 1 литр. Микроэлементтер ерітіндісі – 0,1 мл. 0,5 атмосферада 30 минут залалсыздандырады.
Микроэлементтер ерітіндісі г/100 мл: CuSO4 x 5H2O; - 0,64; FeSO4 x 7H2O – 0,11; MnCl2 x 4H2O – 0,79;ZnSO4 x 7H2O – 0,15; дистилденген су – 100 мл; ерітіндіні жеке дайындап, 3-5 оС сақтайды.
Микроорганизмдер көмірсулар немесе көп атомды спиртерде өскен кезде органикалық қышқылдарды, бейтарап өнімдер және газдар түзуі мүмкін. Қышқылдардың түзілгендігін ортаның рН өзгеруінен байқауға болады. Ол үшін 1 литр негізгі фонды ортаға 1,6 % индикатордың спиртті ерітіндісінен 2 мл құяды. Индикатор ретінде қоректік ортаның түсін сары түстен көк түске дейін өзгертетін рН 6,0 -7,6 болатын бромтимолблау немесе қошқыл түстен сарыға өзгертетін рН 6,8 -5,2 бромкреозолпурпурды қосады. Содан кейін «негізгі фонды» 8-10 мл құяды, содан кейін алдын-ала қалтқы (поплавки) салады да 1,0 залалсыздандырылдандырады.
Көмірсулар мен көп атомды спирттерді 10-40 % сулы ерітінді түрінде жеке дайындап, негізгі фоннан бөлек 0,5 атм-да зазалсыздандырады. Залалсыздандырылған ертінділерді 1мл қосады. Дайын болған ортаға микроорганизмдердің клетка сұйықтығын 0,1 мл алып егеді де 1-5 тәулікке өсіреді. Баяу өсетін микроорганизмдерді 7 -10 тәулік өсіреді. Бақылау ретінде клетка сұйықтығы қосылмаған, зерттелетін көмірсу бар негізгі фонды ортаны аламыз.
Сонымен қатар, микроорганизмдердің көмірсулар мен көп атомды спирттерді пайдалану қабілетін тығыз қоректік ортада анықтауға болады. Бұл жағдайда залалсыздандырылған негізгі фонды тығыз қоректік ортаға залалсыздандырылған көмірсулар мен спирттердің ерітіндісін қосады да Петри табақшаларына құяды. Содан кейін Петри табақшасының астын маркер немесе карандашпен бөліктерге бөледі. Сосын зерттелетін әрбір микроорганизмді тұзақпен әр бөлікке егеді. Өсіру уақыты 2-10 тәулік. Нәтижелерді өсу қарқындылығымен сипатталады және бақылау ортасымен салыстыра талдау жасайды (25 сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет