Қажетті материалдар мен құралдар: Әр түрлі микроорганизмдер, заттық шыны, жабынды шыны, микробиологиялық тұзақ, қажетті бояулар, микроскоптар.
Тапсырмалар: Микробиология зертханасында жұмыс істеу ережелерімен, микробиологиялық зертханадағы қауіпсіздік ережелерімен танысу.
Микоскоптың құрылысын, микроскоптаудың негізгі тәсілдерін игеру.
Микробиологиялық препараттар дайындау. Жаншылған тамшы және ілінген тамшы препараттарын жасау.
Бақылау сұрақтары Микробиология зертханасында жұмыс істейтін студенттер үшін қауіпсіздік ережелері.
Микробиологиялық зертханада қандай құрал-жабдықтар пайдаланады?
Биологиялық микроскоп құрылысымен және онымен жұмыс істеу жолдары.
«Жаншылған тамшы», «Ілінген тамшы» және «Таңбалы» препараттарды дайындау жолдары.
Практикалық сабақ № 2.
Микробиологиялық препараттар дайындау. Кептірілген препараттар дайындау. Зертханалық сабақтың мақсаты – микроскоптаудың және микробиологиялық препараттар негізгі тәсілдерін меңгеру.
Зертханалық сабақтың міндеттері:
- кептірілген препараттар жасау жолдарымен танысу.
Кептірілген препараттар дайындау. Бекітіліп боялған клеткалардың препараттары. Бекітілген немесе фиксирленген препараттар микроорганизмдердің бірқатар морфологиялық ерекшеліктерін зерттеуде, клеткаларды санауда және дақыл тазалығын тексеруде қолданылады.
Майсызданған заттық шыныға тамшы су тамызып, тұзақпен зерттеу материалын енгізеді. Алынған суспензияны біркелкі, жұқа жұғынды алу үшін тұзақ арқылы жаяды. Жұғындыны бөлме температурасында ауада кептіреді. Егер жұғындының кебуі жай болса, онда жұғындыны от жалынының үстінде жылы ауада ұстайды.
Препараттарды бірнеше мақсатпен бекітеді: микроорганизмдердің тіршілігін тоқтату; клеткалардың шыныға жабысуын қамтамасыз ету; жұғындыны бояуға сезімтал ету, себебі тіршілігін жойған клеткалар тірі клеткаға қарағанда жақсы боялады. Бекітудің кең тараған әдісі жылумен өңдеу болып табылады. Ол үшін препаратты жұғындыны жоғары қаратып, оттың жалынының ең ыстық бөлігінен бірнеше рет өткізеді.
Микроорганизм клеткаларын бояу үшін, көбінесе фуксин, геницианды көгілдір, метиленді көк бояулары пайдаланылады. Жұғындыға бояуды тамызып, 1 -3 минут ұстайды. Бояу аяқталғаннан кейін препараттарды ағып жатқан су түссізденгенше шаяды. Одан кейін препаратты кептіріп, микроскоп арқылы бақылайды.