Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу, сыныпты түгендеу, үй тапсырмаларының дәптерлерін жинау, сабақ тақырыбымен таныстыру, мақсатын айқындау.
Психологиялық сәт.
Үй жұмысында оқушылар жіберген қателер олардың есінде сақталып қалмау үшін оны түзету. Бір оқушы тақтада үй тапсырмасының шығарылуын көрсетеді, қалағандары тексереді, қажет болса түзетулер енгізеді. Жалпы сол сандар жиындардың белгіленуі қалай? және т.с.с.
Жаңа сабақты бір-біріне түсіндіру: қосымша №1
Негізгі мектептің математика курсында
- y=ax+b сызықтық функцияның графигі – түзу,
- y=ax2+bx+c квадраттық функцияның графигі – парабола,
- y=k/x кері тәуелділіктің графигі – гипербола екені көрсетіліп, фигураларды түрлендіру түрлері қарастырылды. Енді осылардың негізінде y=kf(ax+b)+d (мұндағы k, a,b, d – нөлден өзгеше сандар) функциясының графигін қарапайым түрлендірулер қолдану арқылы салу жолын қарастырайық.
о блысында анықталған y=f(x) функциясының графигі қисық сызық болcын. Бұл графикке төмендегідей түрлендірулер қолдануға болады.
І.y=f(x)+d функциясының графигі y=f(x) функциясының графигін Оу ордината осінің бойымен, егер d>0 болса, онда d бірлікке жоғары, ал d<0 болса, онда d бірлікке төмен параллель көшіру арқылы салынады.