Бір аптаның әрбір күніндегі ауа температурасы белгілі. Әр аптаның орташа температурасын анықтаңыз.
Фирма қызметкерлерінің жастары белгілі. Жасы орта жастан жоғары қызметкерлердің санын анықтаңыз.
Компьютерлік кластағы мониторлардың шығарылған жылы белгілі. Ең көне монитордың шығарылған жылын анықтаңыз.
Бес бөлменің әрқайсысын сырлау үшін қажетті ақ, қызыл, көк, түсті бояу саны белгілі. Ақ, қызыл, көк бояулардың әрқайсысынан барлығы қаншасы қажет.
Топтағы студенттердің туған айы белгілі. Олардың қаншасы қыста, қаншасы көктемде, қаншасы жазда, қаншасы күзде туғанын анықтаңыз.
Кассадағы 200-к, 500-к және 1000-қ купюралар саны белгілі. Барлығы кассада қанша ақша бар?
Топтағы әрбір студенттің себепті және себепсіз жіберген сағаттар саны белгілі. Жалпы топтағы себепті және себепсіз жіберілген сағаттар саны қанша? Қайсысы көп?
Театрда спектакльге сатылған билеттер саны және әрбір қатардағы билет құны белгілі. Осы спектакльден театрға қандай мөлшерде табыс түсті.
Геометриялық прогрессияның (2) n – ші элементін есептеңіз.
Арифметикалық прогрессияның (1) алғашқы n элементін қосындылаңыз (прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысын есептеу формуласын пайдаланбаңыз).
Алғашқы n Фибоначчи сандарының ішінен жұп сандардың санын анықтаңыз.
Рекурренттік тізбек келесі түрде анықталған:
ai =
Берілген нақты n үшін an мәнін есептеңіз.
ai =
1-20-ші элементтердің көбейтіндісін есептеңіз.
14. Рекурренттік әдісті пайдаланып, Горнер формуласы бойынша 10 дәрежелі көпмүшенің қосындысын есептеңіз. Мұндағы x – берілген нақты сан:
10x10 + 9x9 + 8x8 + … + 2x2 + x = (( …((10x + 9)x + 8)x + … + 2)x + 1)x.
15. Берілген нақты x пен натурал N үшін келесі тізбекті есептеңіз:
x/(1 + x/(2 + x/(3 + x/( …/(N + )) … ).