Тақырыбы: Программа құрылымы. Енгізу-шығаруды ұйымдастыру. Сызықтық программалау.
Студентке орындатуға арналған тапсырмалар: Екі сан берілген. Осы сандар кубының арифметикалық ортасы мен модульдерінің геометриялық ортасын табыңыз.
(х1, у1) және (х2, у2) координаттарымен берілген екі нүктенің ара қашықтығын есептеңіз.
Куб қабырғасының ұзындығы берілген. Кубтың толық бетінің ауданы мен көлемін есептеңіз.
Тең қабырғалы үшбұрыш қабырғасы берілген. Осы үшбұрыштың ауданын, биіктігін, іштей жіне сырттай сызылған шеңберлердің радиусын табыңыз.
a, b, c коэффициенттерімен берілген ax2 + bx +c=0 квадрат теңдеудің түбірлерін табыңыз (мұндағы а=0 және теңдеу дискриминанты теріс емес).
Үшбұрыштың екі қабырғасы a және b белгілі. Олардың арасындағы бұрыш α-ға тең. Ауданын есептеңіз.
a шамасы берілген. Көбейтуден басқа ешқандай амалдарды және функцияларды пайдаланбай, a8мәнін үш операциядан, ал a10мәнін төрт операциядан кейін алу керек.
R1,R2 , R3үш кедергі параллель жалғанған. Жалғау кедергісін табыңыз.
Практикалық сабақ №2.
Тақырыбы: Операторлар. Басқару инструкциялары. Шартты конструкциялар. Тармақталу алгоритмдері
Студентке орындатуға арналған тапсырмалар: Бір шартты конструкция түрінде жазыңыз:
;
.
А(х1, у1) және В(х2, у2) екі нүкте берілген. Олардың қайсысы координат басына жақын екендігін анықтайтын программа құрыңыз.
Өзара тең емесе х және у нақты сандары берілген. Олардың ең кішісін қосындысының жартысымен, ал үлкенін екі еселенген көбейтіндісімен ауыстырыңыз.
m, n бүтін сандары берілген. Егер олар өзара тең болмаса, әрқайсысын осы сандардың үлкенімен ауыстырыңыз, ал тең болса 0-мен ауыстырыңыз.
a, b, c сандарының ішіндегі теріс сандардың санын анықтаңыз.
Экранда “Сен кімсін: қыз немесе ер бала. Д немесе М енгіз”. Қайтарылған жауапқа сәйкес, “Маған қыздар ұнайды” немесе “Маған балдар ұнайды” деген текст экранға шығарылуы керек.
Күріш екі пакетке салынған. Біріншісінің массасы – m кг, екіншісінікі – n кг. а) қай пакет ауыр – біріншісі немесе екіншісі; б) ауыр пакеттің салмағын анықтайтын программа құрыңыз.
Ең үздік кәсіпкер сайысының финалына Иванов, Петров, Сидоров өтті. Сайыс үш турдан тұрды. Иванов бірінші турда m1, екіншіде – n1, үшіншіде – р1 балл жинаған. Петров сәкесінше- m2, n2, р2 ; Сидоров – m3, n3, р3. Жеңімпаз қанша балл жинағандығын анықтайтын программа құрыңыз.