Сабақ №1. Тақырыбы: Программа құрылымы. Енгізу-шығаруды ұйымдастыру. Сызықтық программалау



бет6/7
Дата27.11.2023
өлшемі56,79 Kb.
#128696
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР-1

Практикалық сабақ №12.


Тақырыбы: Структуралар.



  1. Информатикадан олимпиадаға қатысқан студенттердің мәліметтері белгілі. 30 баллдан жоғары алған студенттердің тізімін шығару.

  2. Кітапхананың оқырмандары туралы мәліметтер белгілі: фамилиясы, мекен-жайы, жұмыс орны, кітапты алған уақыты, кітапты тапсыру уақыты. Кітапханаға қарыз оқырмандардың фамилиясын, мекен-жайын және жұмыс орнын көрсету.

  3. Тіс дәрігеріне келушілердің тізімінен фамилиясының бас әрпі "Б"-дан "Л"-ға дейінгі аралықта жатқан адамдардың жасы мен диагнозын шығару программасын құрыңыз.

  4. Темір жол кассасында төмендегідей мәліметтер белгілі: поездың номері, баратын жері, кету уақыты, бос орындар саны. Астана қаласына баратын поездың номері мен кету уақытын шығару, егер поезда бос орын болса.

  5. Музыка мектебінің скрипкада ойнайтын оқушыларының тізімін шығару. Олардың музыкамен неше жыл айналысатындығын және конкурстарға қатысқан-қатыспағандығын көрсету.

  6. Оқушылар туралы келесі мәліметтер берілген: аты-жөні, бойы. Кластағы ең ұзын және ең қысқа оқушыны, сонымен қатар неше оқушының баскетболға қатысатындығын анықтау, егер баскетболисттің бойы 170 см.-ден артық болуы керек болса.

  7. Автомобильдер туралы мәлімет берілген: автомобиль иесінің аты-жөні, автомобиль бағасы, маркасы және номері. Автомобильдер туралы мәліметті бағасының өсу реті бойынша баспаға шығару қажет.

  8. Фирма қызметкерлері туралы мәлімет берілген: қызметкердің аты-жөні, туған жылы, адресі, телефон номері. Жасы қызметкерлердің орташа жасынан аспайтын қызметкерлер туралы мәліметті баспаға шығар.

  9. Экспортқа шығарылатын тауарлар туралы мәлімет берілген: тауардың аты, тауарды импортқа шығаратын елдің аты және әкелінетін партияның көлемі. Берілген тауардың қай елге экспортқа шығарылатындығын және оның жалпы көлемін тап.

  10. Тұрғындар санағының нәтижелері берілген болсын. 1990 ж. кейін туылған тұрғындардың фамилиясын, атын және жалпы санын анықтайтын программа құрыңыз.

  11. Дәріханадағы дәрілер туралы келесі мәліметтер белгілі болсын: дәрілік препараттың аты, бағасы, саны, сақтау мерзімі. Дәріханадағы барлық дәрілердің санын, қанша тұратынын және сақтау мерзімі 3 айдан артық препараттарды анықтау программасын құрыңыз.

  12. Қысқы сессия нәтижесі бойынша ешбір сабақтан “үштік” баға алмаған студенттердің фамилиясын, тобын және орта балын анықтау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет