«Тыныс алу жүйесінің мүшелері. Ауа өтетін жолдар. Мұрын қуысы, көмей, кеңірдек» тақырыбы бойынша « Жалпы медицина» мектебінің 2 курс студенттеріне арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Құрастырған: доцент Желдербаева М.К. Оқу сағат саны: 3 с.
Сабақта қарастыратын сұрақтар – 50% Өткен тақырыптардан: Көпқатарлы кірпікшелі және көп қабатты мүйізделетін эпителидің құрылысы.
Экзокринді бездердің құрылысы.
Борпылдақ және тығыз талшықты дәнекер тіндерінің құрылысы.
Шеміршек тіндерінің құрылыс ерекшеліктері.
Тақырып бойынша: Кеңірдек пен бронхтардың ішкі бетін тыстайтын қандай жасушалар шырыш өндіреді?
Ауа өтетін жолдардың қабырғасының құрамындағы дәнекер тіндерінің ерекшеліктері қандай?
Мұрын қуысының шырышты қабығының қабырғалары мен эпителиінің ерекшеліктері.
Жоғарғы тыныс жолдарының қай бөлімінде шынайы дауыс байламдары орналасады, олардың құрылысы мен қызметі атаңыз?
Кеңірдектің қабырғасының құрылысы және шырышты қабығының көп қатарлы кірпікшелі эпителиінің жасушалық құрамы.