Сабақ №10 Теңдеу. Теңдеудің түбірі. Теңдеуді шешу
|
Мектеп: AIU
|
Күні: 26.09.2022ж.
|
Мұғалімнің аты-жөні: Такей Аяжан, Спаш Аида
|
Сынып: 5 « А»
Сабақ №10
|
Қатысқан оқушы саны:
|
Қатыспаған оқушы саны:
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
Білімділік: теңдеудің түрлері, теңдеулер шешудің негізгі тәсілдері бойынша білімдерін жалпылау
Тәрбиелік: ізденімпаздыққа, жаңашылдыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: теңдеуді түрлендірудің түбірлерін тексерудің дағдысын қалыптастырып, білім, біліктерін жетілдіру
|
Сабақтың мақсаты
|
Тақырып аясында берілген есептерді шығара алады, яғни теориялық алған білімін практикада қолдана алады.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру кезеңі
5 минут
|
Амандасу/Сәлемдесу; Оқушыларды түгендеу; Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Сыныпта 35 оқушы бар. Қыздар ұлдардан үшке артық. Сыныпта ұлдар қанша, қыздар қанша? Шешімі: x+x+3=35 x=16(ұ) х+3=16+3=19(қ);
Шаршының қабырғасын үш есе үлкейтсе, оның ауданы неше есе үлкееді? Жауабы: 9 есе.
|
Оқушы мәтіндік есепті тыңдаған соң, теңдеу құрастырып оның шешімін табады.
|
1-10 балл аралықта бағалау
|
Математика, 5-сынып, 1-бөлім, А.Е.Әбілқасымова, Т.П. Кучер, З.Ә. Жұмағұлова, 2017ж.
|
Үй тапсырмасы
5 минут
|
Математикалық логикалық есептер беру арқылы “Миға шабуыл”. Слайд. Теңдеу дегеніміз не?
Теңдеудің түбірі дегеніміз не?
Ойлаған санға бірді қостым, қосындыны екіге көбейттім. Көбейтінідіні төртке бөлдім. Бөліндіден үшті азайттым. Бір шықты. Мен қандай сан ойладым? Шешімі: (((x+1)*2)/4)- 3=1 x=7;
Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады? Жауабы: екі сағат;
Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? Жауабы: үш стакан.
|
Оқушы сұрақтарға жауап берген соң, берілген есептерге теңдеу құрастырып шешімін табады.
|
Мадақтама
2 балл
|
Математика, 5-сынып, 1-бөлім, А.Е.Әбілқасымова, Т.П. Кучер, З.Ә. Жұмағұлова, 2017ж.
|
Жаңа сабақ
20 минут
|
|
|
2 балл
|
Математика, 5-сынып, 1-бөлім, А.Е.Әбілқасымова, Т.П. Кучер, З.Ә. Жұмағұлова, 2017ж.
|
Сергіту сәті
2 минут
|
“Мен таптым» әдісі
Оқушыларды дөңгелете отырғызып, ойын шартың түсіндіреді. Мұғалім жауап беретін оқушыны таңдап отыруы тиіс. Жеңілген оқушыдан анықтама сұралады. Анықтама айтылмаса, оқушыны ойыннан шығарады.
|
Мұғалім таңдаған оқушы 1 ден 7 ге дейінгі сандарды кезекпен айтуы тиіс. 1-ші оқушы “бір” десе, келесі оқушы “екі” деуі керек. Жеті санын айтатын адам «Жеті» деудің орнына, орнынан тұрып, «Мен таптым» деп айтуы керек. Кім жеңілсе, сол тақырыпқа қатысты бір анықтама айтады. Анықтама айтпаған оқушы ойыннан шығарылады.
|
1 балл
|
|
Сабақты бекіту
8 минут
|
Тақияның ішінде әр-түрлі теңдеулер жазылған карточкалар болады. Мұғалім әр оқушыға жеке-жеке таянып, тақиядан 1 карточка суыруын қадағалайды. Есепті аяқтаған оқушының тақырыпты қаншалықты меңгергенің тексеріп, бағалайды.
|
Әр оқушы тақиядан 1 карточка алып, сол теңдеуді шығаруы керек. Теңдеуді өз бетінше шешу арқылы сабақты бекітеді.
|
2 балл
|
Сайт
https://bilimsite.kz/ustaz/9275-logikalyk-100-esep-logikalyk-esepter-zhauabymen.html
|
Кері байланыс
1 минут
|
Не білдік? Не үйрендік? Нені білгім келеді? Деген сұрақтарға жауап алу.
|
Түрлі-түсті қағаздарға бүгінгі сабақтан не білді, не үйренді, не білгісі келетіні туралы ойларын жазады.
Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім.
Тақырыпты түсіндім, бірақ есептеген кезде қиналамын.
Сабақ маған түсініксіз.
Арнайы қағаздарға бүгінгі сабақтан не білді, не үйренді, не білгісі келетіні туралы ойларын жазады.
|
Жарайсың!
|
Слайд
|
Үй тапсырмасы
4 минут
|
Үйге тапсырма: Математика, 5-сынып, 1-бөлім, А.Е.Әбілқасымова, Т.П. Кучер, З.Ә. Жұмағұлова, 2017ж. № 85, 87- есептері.
|
Берілген тапсырманы күнделікке жазып алады.
|
|
|