Сабақ 11 11. Тақырып: Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу



Дата15.11.2022
өлшемі17,41 Kb.
#50450
түріСабақ
Байланысты:
Тапсырма 11


Практикалық сабақ 11

11. Тақырып:Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу


11.1. Танымдық даму және жас ерекшеліктер
11.2. Ойлау, сөйлеу,жады метосана
Моральдік пайымдау, зерде, шығармашылық
Әдебиеттер тізбесі

1. Студенттерге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2015.


2. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012
3.Үлестірме материалдар. Бірінші апта. Бірінші «бетпе-бет» кезеңі.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2015
4. Система критериального оценивания учебных достижений учащихся. Методическое пособие. – Астана, НАО, 2013. – 80 с..
5. Айтпукешев А.Т., Кусаинов Г.М., Сагинов К.М. Оценивание результатов обучения:
Метод. пособие. – Астана: Центр педагогического мастерства, 2014. – 108 с.
6. Матвеева Е.И., Панькова О.Б., Патрикеева И.Е. Критериальное оценивание в начальной
школе. – М.:Вита-Пресс, 2012. – 168 с.
1. Танымдық даму – баланың оқу және проблемалары  қабілеті. Дәлірек айтқанда
танымдық даму оқуға деген қабілеттілік, сондай-ақ зейін, сөз сөйлеу дағдыларары, ойлау, негіздеу және шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға қатысты. Аталған зияткерлік қабілеттер ойлау үдерістерінің сипаты және жасына қарай олардың өзгеру ықтималдығы туралы маңызды ақпараты бар танымдық даму теориясы шеңберінде сипатталады.
Ойлау – объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген. Сыртқы дүниені толык тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау аркылы ғана білеміз. Түйсік қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын толықтай ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті әсіресе түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.
Сөйлеу . — адамның тілдік амалдар арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. Сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен, адамның психикалық қабілетіне, қоғамдағы пікір алмасу тәжірибесіне сүйенеді. Сөйлеу процесі айтылатын пікірдің мазмұнына, пікір айтудың жағдайына (пікірді ауызша не жазбаша айту, диалог түрінде айту, көпшілік алдында айту, тындаушының білім дәрежесін, жас мөлшерін ескеру т. б.) сай түрліше құрылады. Сондықтан Сөйлеудің коммуникативтік жағдайға сай стилі қалыптасады. Сөйлеу мен тіл бір емес. Егер тіл қарым-қатынас құралы болып табылса, Сөйлеу сол құралдын нақты қолданыста көрінетін түрі болып табылады. Сөйлеуге тән қасиеттер: дауысталу, тембрлік сипаты, артикуляциялық анықтық темп  акцент т. б. Сөйлеу актісі— белгілі қоғамдық ортада қалыптасқан сөйлеу принциптері мен ережелеріне сай, арнайы мақсатта жүзете асырылатын сөйлеу әрекеті. Сөйлеу актісінің негізгі белгілері: белгілі бір мақсат көзделетіндігі; қалыптасқан дәстүрге сай шарттылық сипат болатындығы.
Жады (ағылш. memory) - эпистемологияда және психологияда: адам тәжірибесі арқылы мида жиналған әсерлер, таным-түсініктер, тәжірибелер, естеліктер, осыған байланысты сақтаулар мен жаңартулар және өшіру-ұмытулар. Бейне қойма секілді сана жадысы арқылы адамның есте сақтауы және еске алуы, сондай-ақ ұмытуы болады
Моральдік пайымдау
Өнегелі даму – психология мен педагогикадағы негізгі тақырыптардың бірі. Пиаже өнегелі 
дамудың екі кезеңдік үдерісін сипаттады, ал Кохлберг өнегелі даму теориясында әртүрлі 
үш деңгейдегі алты кезеңді бөліп көрсетті. Кохлберг өнегелі даму – бұл өмір бойы жүретін 
тұрақты үдеріс деп болжап, Пиаженің теориясын дамытты. Кохлберг өз теориясын бастауыш 
мектеп жасындағы балалар топтарымен жүргізген зерттеулер мен сұхбаттарына негіздеді. 
Бұл зерттеуге қатысушыларға моральдік дилеммалар беріліп, әр сценарий бойынша олардың 
ойларына негіз болған пайымдауларды анықтау ұсынылды. Бұдан әрі Кохлберг балаларға 
ұсынған «Ганс дилеммасы» деп аталған мысал келтірілген.

Шығармашылық


Шығармашылық - пайда болған міндеттерді әлдеқашан белгілі болған тәсілдермен шешу үшін талап етілетіндердің тысына шығатын жоғары формадағы ойлау. Ойлау процесінде үстемдік еткенде, шығармашылық елес ретінде көрінеді. Мақсат пен іс-әрекет тәсілінің компоненті бола тура, ол шеберлік пен инициативаның міндетті шарты ретінде шығармашылық іс-әрекеті деңгейіне дейін көтереді

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет