Сабақ №12 конспект Сіз қандай ата-анасыз. Күшті ата-ана



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата19.01.2023
өлшемі0,76 Mb.
#61960
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
№12 конспект.



№12 сабақ 
№12 конспект 
Сіз қандай ата-анасыз. Күшті ата-ана 
Жалпы өзіміздің қандай ата-ана екенімізді және қандай ата-ана 
түріне жататынымызды талдап анықтайтын боламыз.
Және сол ата-ана түрлерінің баламыздың тәрбиесіне қалай және 
қаншалықты әсер етіп жатқанын білетін боламыз. Күшті ата-ана. 
Қалай ойлайсыздар? Күшті ата-ана дегеніміз қандай ата-ана ? 
Өзіңізді күшті ата-ана деп ойлайсыз ба?
Көптеген ата-
аналардың
«Күшті ата-ана 
кім?» деген 
кездегі берген 
жауаптары: 
Кейбір ата-аналар баласына сөзін өткізе алатын ата-
аналар деп жатса,ал кейбірі айтқан сөзі мен істеген 
әрекеттері бір-біріне сәйкес келетін өзін жеңген ата-ана 
деп жатты. Ең қызық жауапты Ақтөбе қаласына барған 
кезде бір әкеден естідім. 
«Күшті ата-ана деген- күнде шынығатын ата-ана» 
дейді.
Ия күнде шынығатын ата-ананы да күшті ата-ана деуге болады. Өйткені күнде шынығу үшінде кәдімгідей 
ерік-жігер керек
Бірақта біз 
Күшті ата-ана 
деген ұғымның анықтамасын 
педагогикалық тұрғыдан беріп 
көрейік.
Күшті ата-ана
дегеніміз баласының сезімдеріне серік болып оған үлгі 
болалған ата-ана.
Енді бұл жердегі үлгі болу деген сөз таныс. Енді біз кішкентай кезімізден бастап естіп келе жатырмыз. Ал 
«сезімдерге серік болу» 
деген сөз құлаққа бейтаныс болып естіліп жатқан шығар.
 
 
Біздің қоғамда біз көбінесе сезіммен жұмыс істеу деген нәрсені біле бермейміз. Біз сезімге байланысты 
нәрсеміз ол 
сезімді басу.
Балаларымыздың кішкентай кезінен бастап сезімдерін басуға шеберміз. 
Ана бала дүниеге келе сала біз оның сезімдерін баса бастаймыз. 
Мысалы ата-аналардың балаларына ең көп айтатын сөзі
«Жылама»
деп 
сезімдерін басамыз. Сол секілді 
қуанба,ашуланба 
дейміз. Баланың 
сезімдеріне қысым жасаймыз. Өкінішке орай біздің қоғамда 
жылауға,ашулануға болмайды,жалпы айтқанда өзінің ішіндегі 
сезімдерін сыртқа шығаруға болмайды. Өйткені сезімдерін сыртқа 
шығарған кезде ата-анасының қысымына душар болады. Міне 
сондықтанда біз көбінесе сезімдерге қысым жасайтын болғандықтан біз 
балалардың сезімдеріне серік болу дегенді көбінесе біле бермейміз,тіпті 
ол жағдай ойымызға да келе бермейді.
Сезімге қысым жасау мәселесінен бастайын – одан кейін сезімге қалай серік болу керек екеніне тоқталып 
өтейін 
Жалпы қоғамда жылауға болмайды деп жаттық қой. Біз кішкентай кезінен бастап «жалама» деген сөзді өте 
көп айтамыз. 


Егер жаңағы бала ойнап жүріп құлап қалатын 
болса, құлап аяғын ауыртып жылап жатқан балаға 
кейбір ата-аналар одан сайын ұрысып жатады. 
«Айттым саған жүгірме» 
деп,
«Құлайтының бар 
неге жүгіресің» 
деген секілді жаңағы жаны ауырып 
жатқан балаға одан сайын ұрысамыз. 
Тіпті кейбір ата-аналар болады жүгіріп барып 
жаңағы баланы соққылап ұрып жатады. Әсіресе 
қоғамдық орында орын алса,елден ұят болды деп 
баланы соққылап жатамыз. 
Осылай әр жылаған кезінде ата-анасынан ұрыс естіп немесе таяқ жеген 
бала уақыт өте жылаудан қорқатын болады. 
Қатты жылағысы келіп тұрса да жылай алмайды. Ішіндегі сезімдерін 
шығара алмайтын болады. Сезімдерін басып ұстауды үйренеді. 
Бұның негізі қоғамда кездестіресіздер. Айналаңызға сәл қарап көрсеңіз 
кейбір балалар жылағысы келіп тұрады, көзіне жас толып,кеңсеңдеп 
тұрады. Жылай алмайды, неге өйткені жыласа ата-анасынан ұрыс 
естейтінін біледі. Ата-анасынан ұрыс естімеу үшін немесе таяқ жемеу 
үшін ол жыламауды үйренеді.
Дәл осы секілді бала қуанса тағыда ұрысамыз. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет