Енді күшті ата-ана дегеніміз
–ол баланың сезімдеріне қысым жасайтын ата-ана емес,керісінше балаға
сезімдерін басқаруды үйрете алған ата-ана. Сезімдерін дұрыс игере отырып,дұрыс пайдалануға үйрете
алған ата-ананы біз күшті ата-ана дейміз
Яғни нақтырақ мысал келтіретін болсақ:
Біздің қоғамда бала ашуланса,оны бір проблема ретінде қабылдайды. Баласы ашуланған кезінде менің
баламда бір проблема бар ашуланып жүр деген секілді іс-әрекеттен қорқып жатады. Біз сондықтанда не
істейміз. Баланы ашуын жойып тиып тастауға тырысамыз. Кішкентай кезінен бастап ашуланбайтындай
қылып тастағымыз келеді.
Ашуды жойып тастадық делік.
Онда не болады білесіздер ма?
Ертең елімізге жау шапса ол
ашуланбай отыра береді. Немесе
өзінің анасына ,әпке –
қарындастарына,әйеліәне,қызына
біреулер жаман ниетпен
жақындаса ол ашуланбай отыра
береді. Немесе ол өзіне бір зиянын
тигізіп жатса,ол ашуланбай отыра
береді.
Неге өйткені біз оның ашуын
жойып тастадық. Онда ашу жоқ.
Ашубізге жайдан-жай берілген
жоқ. Ашу бізге Отанды қорғау
үшін,өзін қорғау үшін және
өзінің жеке мүлкін қорғау үшін
берілді
Сондықтанда біздің міндетіміз
ашуды жоймай,ашуды басқаруды
үйрету.Ашуды орнымен
пайдалануды үйрету. Ашуды
бірреуге жамандық жасау үшін
емес,Отанымызды қорғау үшін
қолдануды үйрету
Сондықтанда
күшті ата-ана
баланың сезімдеріне қысым
жасамайды. Баланың сезімдерін
басқаруына жол көрсетеді. Үлгі
болады.
Қалай болады десек?, Қысқаша мысал: көлікпен келе жатырсыз,
қасыңызда есі кіріп қалған балаңыз отыр. Енді жолда келе
жатып,балаңызға ақыл айтып келе жатырсыз. «Балам ашуланбау
керек.Шыдамды болу керек. сабырлы болу керек» деп көлік жүргізіп
келе жатырсыз. Сол кезде тура осы сөздерді айтып біте берген кезде,