«Ашық деректер» порталы (data.egov.kz) – ашық үкімет компоненттерінің бірі, мүдделі азаматтарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан шығатын әртүрлі деректер жиынтығымен толық қамтамасыз ету мақсатында құрылған.
Ашық деректер жиынтығын қалай табуға және жүктеуге болады? data.egov.kz порталында мынадай ақпарат иелері орналастырылған 3 мыңнан астам деректер жиынтығы бар:
• ҚР орталық мемлекеттік органдары;
• ҚР Жергілікті атқарушы органдары (облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының әкімдіктері);
• ҚР басқа ұйымдары.
Жарияланған жинақтарды жасау және жаңарту күні бойынша сұрыптауға болады, сондай-ақ сайтта кеңейтілген іздеу механизмі жұмыс істейді.
Ең танымал деректер жиынтықтарының бірі – Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық объектілерінің қазақ және орыс тілдеріндегі атаулары, типтері, деңгейлері мен кодтары бар әкімшілікаумақтық объектілер жіктеушісінің (ӘАОЖ) бет үлгісін қарастырайық.
«Паспорт» қойындысында деректер жиынтығының қысқаша сипаттамасы, санаты, жауапты мемлекеттік орган, өзектілік мәртебесі, сондай-ақ оны орналастыру және жаңарту күнікөрсетілген.
«Деректер» қойындысы арқылы оларды бетке 5, 10, 20 жазбаның тізімін шектей отырып, қалыпты, кестелік түрде көруге болады.
«Ашық НҚА» порталы. Заң жобаларын жария талқылау «Ашық НҚА» порталы – нормативтік құқықтық актілердің жобаларын мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда мақұлдау сәтіне дейін оларды талқылау алаңы ретінде құрылған
Мобильді қарым-қатынас. Бүгінгі таңда мобильді нұсқа көптеген мемлекеттерде қолжетімді: Ресей, АҚШ, Түркия, Ұлыбритания, Чехия және т.б. Әдетте Қазақстанда IOS және Android операциялық жүйелері бар смартфондарда қосымшалардың басым бөлігі қазақ тілінде немесе орыс тілінде жұмыс істейді.
Ұялы телефоннан медициналық ұйымға мессенджер арқылы тіркелуге, меншігінің болуы туралы ақпаратты сұратуға болады. Ресурста бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қызмет көрсететін телеграмм-бот пайда болды.
Қызмет түрлерін қолдану барысында мобильді нұсқа пайдаланылса, онда телефонды ЖСН-ге байланыстыру өзінің аккаунтында немесе ХҚКО-ның кез келген бөлімшесіне жүгінген кезде жүзеге асырылады. Телефон арқылы бір реттік код бойынша қолжетімді қызметтер қатарында төмендегілер жатады:
• объектілерге техникалық паспорттар және олардың түпнұсқалары;
• құқық белгілейтін куәліктердің көшірмелері және кадастрлық тізілімнен үзінді көшірмелер;
• мұрағаттық анықтаманың түпнұсқасы;
• заңды тұлғаларды және филиалдарды тіркеу туралы материалдар;
• заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері туралы деректер;
• заңды тұлғалардың жеке және заңды өкілдерімен ынтымақтастығы туралы деректер;
• заңды тұлғаның тіркеу деректері және оның әрекеті;
• құрылтай пакетіне өзгерістер енгізу туралы ақпарат;
• туу туралы және азаматтық жағдайы туралы анықтамалар;
• неке, туу, бала асырап алу, тегін-атын-әкесінің атын (ТАӘ) ауыстыру туралы құжаттар.
Электронды үкімет порталында жұмыс істеу барысында түрлі қиындықтарды Бірыңғай байланыс орталығының қызметкерлері ойдағыдай шеше алады, кез келген мәселе жедел өңделеді. Ол үшін кез келген Қазақстан азаматы «кері байланысты», «Callорталық» сервисін немесе 1414 телефон нөмірін пайдалана алады.
«Сервистер» бөлімінде цифрлік құжаттар, денсаулық паспорты, электрондық еңбек биржасы, зейнетақы калькуляторы цифлық құжаттар ұсынылған. Бұл мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен деректер алу арқылы қағаз құжатттың электрондық нұсқасын жасауға мүмкіндік беретін сервис. Қазіргі уақытта қосымшада 13 құжат қолжетімді:
1. Жеке куәлігі;
2. Некені тіркеу туралы куәлік;
3. Баланың туу туралы куәлігі;
4. Атын, тегін, әкесінің атын қайта атау туралы куәлік;
5. Некені бұзу туралы куәлік,
6. Электрондық техникалық паспорт;
7. Жүргізуші куәлігі;
8. Covid-19 үшін ПТР тестілеу нәтижелері,
9. Білімі туралы Диплом,
10. Студенттік билет;
11. Зейнеткер куәлігі
12. Қандас куәлігі;
13. SocId бірыңғай әлеуметтік құжаты.
Бұл қызмет азаматқа үшінші тұлғаларға өз құжаттарына қол жеткізуге мүмкіндік береді, сонымен қатар сандық құжаттарды pdf форматында мессенджерлер немесе пошта арқылы бөлісуге мүмкіндік береді.
Ол үшін «Цифрлық құжаттар» сервисінде қажетті құжатты таңдап,экранның төменгі жағындағы «Рұқсат» батырмасынбасу қажет. Сізде уақытша QR коды пайда болады, оны үшінші тарап өз қосымшасында QR код сканерін ашу арқылы есептей алады
Сондай-ақ, цифрлық құжаттардың көмегімен ХҚКО-да жеке куәлікті көрсетіп, әуежайда және теміржол вокзалында пойызға отырғызу кезінде тіркеуден өтуге болады.