Сабақ 12 Модуль Іскерлік құжат айналымы Тақырып «Қр электрондық үкіметі» жүйесіндегі жұмыс



бет1/3
Дата27.11.2023
өлшемі26,3 Kb.
#129825
түріСабақ
  1   2   3

Практикалық сабақ 12


Модуль 4. Іскерлік құжат айналымы
Тақырып 3. «ҚР Электрондық үкіметі» жүйесіндегі жұмыс


Сұрақтар:
1.Электрондық үкімет дегеніміз не және ол не үшін қажет.
2. ҚР электрондық үкіметті дамыту.
3.еGov mobile электрондық үкіметтің мобильді қосымшасында жұмыс істеу.


1) Электронды үкімет – ақпараттық технологиялар көмегімен ішінара келісушілікті қамтамасыз ететін, мемлекет пен азаматтар арасындағы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігінің бірыңғай механизмі. Мемлекеттік органдарға кезекті қысқартып, анықтама, куәлік, рұқсат құжаттарын және тағы басқаларын алуды жеңілдетуге әрі жылдамдатуға мүмкіндік берген де – осы механизм.
Электронды үкімет – ел ауқымындағы басқару процестерінің барлық жиынтығын автоматтандыруға негізделген, қоғамның әрбір мүшесі үшін мемлекеттік басқарудың тиімділігін елеулі арттыру және әлеуметтік коммуникациялардың шығындарын азайту мақсатында қызмет ететін мемлекеттік басқарудың электронды құжат айналым жүйесі.
Қазақстан Республикасында электронды үкімет қалай дамуда? Электронды үкімет құру идеясы Елбасына тиесілі, алғаш рет 2004 жылы айтылған. Осы уақыт ішінде электронды үкіметіміз қалыптасуы мен дамуының іргелі төрт кезеңінен өтті.
Ақпараттық кезең. Дәл осы кезеңде электронды үкімет порталы іске қосылып, ақпаратпен толтырылды. Мемлекеттік органдар, олардың жұмысы мен халыққа көрсететін қызметтері жайлы ақпараттар пайда болды.
Интерактивті кезең порталда электронды қызметтерді тұңғыш рет ұсынуымен есте қалды. Бұл кезең барысында порталды пайдаланушылар түрлі мекемелерден кезекке тұруға уақыт жұмсамай-ақ анықтама алу, үйден шықпай-ақ кез келген мемлекеттік органға сұраныс жіберіп, оның мәртебесін қадағалап отыру мүмкіндіктеріне ие болды.
Транзакциялы кезең. Азаматтар мемлекеттік баж салығын, алымдар, айыппұлдар және коммуналдық қызмет ақыларын төлеуге мүмкіндік алды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет