Түрлендірмелі кезең. Басты мақсат – азаматтарға қызмет көрсетудің мейлінше жылдамдығы. Дәл осы мақсатқа қолжеткізу үшін интерактивтік және транзакциялық қызметтер қазақстандықтар үшін айрықша маңызға ие кешенді қызмет түрлеріне біріктірілген.
2) «Электрондық үкіметті» дамыту кезеңдері «Электрондык үкіметті» енгізу стратегиясына қалыптастыру және дамыту 4 кезеңнен тұрады: сәйкес «е-үкіметті» касал
Біріншісі - ақпаратты жариялау және таратуды көздейді.
Екіншісі - мемлекеттік орган мен азаматтар арасындағы өзара іс-қимылдың кері және тура жолымен интерактивтік қызметтерді беру.
Үшіншісі - қаржылық және заңдық операцияларды үкімет порталы арқылы іске асырудың өзара транзакциялық іс-қимылы.
Төртіншісі - ақпараттық қоғамды қалыптастыру.
Ағымдағы жағдай
«Электрондық үкімет» веб-порталын қалыптастырудың бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік органдардың ақпараттық және интерактивтік қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесі құрылды. Бірінші ақпараттық кезең өтті. Қазір «электрондық үкімет» веб-порталында 1503 ақпараттық қызмет жарияланған.
Веб-портал арқылы мемлекеттік электрондық қызметтерді ұсыну мақсатында ЭҚАБЖ ықпалдастырылған және мемлекеттік деректер қорын бағдарламалық камтамасыз ету жасалды, сондай-ақ ЭҚАБЖ және мемлекеттік деректер қорымен бірігу модулдерінің бағдарламалық қамтамасыз етуі жасалды, соның ішінде «Мемлекеттік жер кадастры», «Интегралданған салықтық ақпараттық жүйе», «Жеке тұлғалар», «Заңды тұлғалар», тізім», «Жылжымайтын мүлік тізімі», Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығының деректер қоры бар.
Бүгінгі танда Қазақстанның әрбір азаматы «е-үкіметке» кіріп, мемлекеттік органмен тікелей байланыссыз қысқа уақыт ішінде ақпарат ала алады. Ол үшін, www.e.gov.kz адресіне кіріп, қажетті анықтаманы алу үшін электрондық цифрлық қолтаңбамен сұрау жіберу қажет
Электрондық үкіметті негіздеу 2004 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметімен "электрондық үкіметті" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
Бағдарламаны іске асыру нәтижесі:
«Электрондық үкімет» инфрақұрылымының базалық компоненттерін қалыптастыру;
Нормативтік құқықтық базаны құру;
Мемлекеттік органдардың электрондық қызметтерін дамыту және қалыптастыру;
Халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейін көтеру.
2007 жылы Қазақстан Республикасы «электрондық үкіметті» дамытудың 2008-2010 жылдарға бағдарламасы қабылданды, оның міндетіне мыналар кіреді:
«электрондық үкімет» базалық инфрақұрылымы мен қол жеткізу тетіктерін кеңейту және дамыту;
бизнес үшін талап етілетін және азаматтар үшін әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтерді ұсынуды автоматтандыру және ықпалдастыру;
ақпараттандыру үдерістерінің нормативтік құқықтық базаларын қамтамасыз ету және электрондық мемлекеттік қызметтерді беру;
мемлекеттік органдардың қызметін бақылау мен мөлдірлігін арттыру.
3) Еgov.kz – ақпараттық-коммуникациялық инновациялар есебінен мемлекеттік биліктің ел халқымен өзара іс-қимылын жеңілдету үшін әзірленген Қазақстан Республикасы Үкіметінің прогрессивті құрылымынан тұратын портал.
Ашық үкімет дегеніміз не? Ашық үкіметтің мақсаты – ашық және халық алдында есеп беруге міндетті мемлекетті құру, азаматтардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мен жаңа технологияларды мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру үшін қолдану. «Ашық деректер» порталы.