Сабақ 1*2 Сабақ тақырыбы Қазақ отбасының дәстүрлері



бет205/222
Дата24.11.2023
өлшемі45,28 Mb.
#125549
түріСабақ
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   222
Құндылықтарды дарыту



Үзіліс кезіндегі іс-әрекетті бақылау барысында мектеп ішінде тәртіпті сақтау керектігін түсінеді, ойын барысында пәнге деген қызығушылықтары артады, жұмыс барысында өзара көмекке ұмтылады.

Пәнаралық байланыстар

Сергіту жаттығуларын жасау кезінде дене шынықтыру және музыкамен байланыс болады. Фотосуретке түсіру кезінде өнер пәнімен байланыс жүзеге асады.

АКТ

Үзіліс кезінде түсірілген фотосуреттер слайд арқылы көрсетіліп, талқыланады.

Алдыңғы меңгерілген білім

«Үзілісте» тақырыбы бойынша әңгімелеп және сөйлем түрлерін ажырата отырып, шағын мәтіндер жазды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы
10 минут

(Ұ) Ойын «Сөздерді сәйкестендір» Оқушылар ойын-игра-game, дәліз-корридор-corridor, оқушылар-ученики-students, үзіліс-перемена-turn, мәтін-текст-text, жазу-письмо-letter сөздерін сәйкестендіреді.

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Жүректен-жүрекке» тре- нингін өткізеді. Оқушыларға А4 парағын таратып береді.


Жақсы сөз — жанды жадыратар. Мұғаліммен бірге параққа жақсы сөздер жазады. Сабақ соңында талданады.
Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Үш тілде жазылған қима сөздер

Сабақ ортасы
25 минут

(Ұ) Оқушылар шеңберде отырып, үзіліс кезінде көрген іс-әрекеттер туралы әңгімелейді.
... Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты дайындаған слайдтарды көрсетеді, Ұлы Отан соғысының батырларымен таныстырады.
1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақы- рыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
2. Мәтіналды жұмыс. А) Айтылым. Жазылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады.
Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 2-тапсырманы орындатады.
3. Тілдік бағдар. Есімдіктердің түрлерін меңгертеді.
3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындатады.
Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға ма- шықтандыру үшін 4, 5-тапсырманы орындатады.
4. Сергіту сәті. Күнделікті сергіту жаттығуын жасатады.
5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Оқулықтағы 7, 11-тапсыр- маны орындатады. «Бұл қай есімдіктер» логикалық ойынын ұйымдастырады.
Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға ма- шықтандыру үшін 8, 9-тапсырманы орындатады.
Аты аңызға айналған қазақ елінің ақиық қыраны Бауыржан Момышұлының қайталанбас ғажайып сырға толы өмірімен көркем туындыларына арналған «Ұрпақ айтар сексен мен жүздігімді, тарихтың қойнауынан сөз келгенде» атты өлең шумақтармен өрнектей отырып «Ерліктің ерен үлгісі-Бауыржан ата» туралы қысқаша мәлімет бере кетсек.
Атамыз 7 жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған.1941- жылы Екінші дүниежүзілік соғыс басталысымен, Бауыржан даңқты генерал майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316-атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады.
1- «Мен таулықпын» өлеңімен Ұлжан мен Әсемгүлді ортаға шақырамыз.
Өр едің өліссең де беріспеген,
Ел едің еншісінде бөліспеген,
Зар мұңның әні барма сен айтпаған
Тағдырдың зәрі барма сен ішпеген,-деп
Бауыржан атамыз 5 рет қоршауды бұзып-жарып шыққан.7 рет жарақатанып 3 рет контузия алған.Мәскеу түбіндегі шайқастағы ерлігі сол кездің өзінде Одақ көлемінде аңыз болып таралған
Ердің де ері бар,сондай еңіреген ерлерден кем түспеген шығыстың қос жұлдызы Мәншүк пен Әлия.
Әлия,Мәншүк- қайсар қызы қазақтың,
Ерлігіне таңданатын ғажап тым.
Солар төккен қызыл қанның арқасы,
Қазақстан аспанында азат күн.
Желбірейді бейбітшілік жалауы,
Орындалып жас ұрпақтың қалауы
Әлия,Мәншүк жүрегі боп жанып тұр,
Мәңгілік от ескерткіші алауы.
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.
Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.
Айтылым. Жазылым. Суреттер бойын- ша әңгімелейді.
Жазылым. Шағын әңгіме құрайды.
Есімдіктердің түрлерін меңгереді.
Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, оқиды.
Айтылым. Сұрақтарға жауап береді, халқымыздың бастан кешкен ең ауыр күндері мен қазіргі күндерді салы- стырып айтады.
Сергіту жаттығуын жасайды.
Жазылым. Ойын шартын орындайды зат есімдер мен сан есімдерді тауып жазады.
Айтылым. Сұрақтарға жауап береді,
«Жалғасын тап» ойынының шартын орындайды.



https://www.youtube.com/watch?v=6JAdbNkc970


Қағаздан жасалған тыныс белгілері


https://www.youtube.com/watch?v=5GNjDy03aIc&list=RDeR7kCG3I8iA&index=4



Сабақтың соңы
5 минут



Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.
Диаграмма толтырады.
«Сөздерден әңгіме құрау» тәсілі бойынша ойсергек ұйымдастырады. Оқушылардың әрқайсысына бір-бір сөзден ойлауларын тапсырады, бірнеше секундтан кейін ол
сөздерді тақтаға жазғызады (жалпы саны 15-20 сөздей болу керек).
Сөздерді тақтаға жазады, шағын топтар осы сөздерден тақырыпқа қатысты ауызша әңгіме құрастырады.
Рефлексия
Оқушылар фотосуреттерді сөйлейтін қабырғадағы ережелердің қасына іледі.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   222




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет