(Т). Мәтінді түсініп оқыңыз. Төменде берілген сұрақтардың ішінен 3 сұрақтың ішінен 2 сұраққа таңдау жасаңыз. Жаңа сұрақтарға өз көзқарасыңызды білдіріп, ауызша жауап дайындаңыз. Айту барысында қазақ тіліне тән төл дыбыстардың дыбысталу ерекшелігін ескеріңіз.
Аңыз бойынша өткен заманда біреудің Айсұлу және Күнсұлу деген екі егіз қызы болыпты. Екеуі де теңдесі жоқ сұлу екен. Бірінен бірі асқан сұлумын деп, бірімен-бірі үнемі ұрысысып, жиі-жиі жанжалдасып қалады екен. Бір күні Күнсұлу іс тігіп отырған Айсұлуға тиісіп: - Сеннен мен сұлумын! – дейді. Ал Айсұлу болса: - Жоқ, сен сұлу емессің, мен сұлумын! – деп таласады. Ақыр аяғында бұл талас үлкен шатаққа айналады. Ыза қысып, әбден ашуланған Күнсұлу өзіне қарсы келіп отырған Айсұлудың бетін тырнап алады. Күнсұлу тырнағының дағы Айсұлудың бетіне өшпестей болып тиеді. Міне, содан бері Айсұлу жұрттан ұялып, тек түнде ғана тысқа шығады екен. Ал, бейбастықпен қатты ұятқа қалған Күнсұлу түн қараңғылығында бұғып жатады екен. Содан бері Айсұлу мен Күнсұлу біріне-бірі көрінбей, бірінен-бірі жасырынып, аулақтап жүреді екен. Кесірлі Ай жазасын осылай тартқан.
р/с
|
Сұрақ
|
Жауап
|
1
|
Күнсұлудың Айсұлуды бетінен тырнап алу себебі?
|
Ыза қысып, әбден ашуланғаннан
|
2
|
Не себепті егіз қыздар бірінен-бірі жасырынып, аулақтап жүреді?
|
Ұялғаннан
|
3
|
Шығарманың негізгі ойы қандай?
|
түбінде ұятқа қалмау үшін, әрбір істі ойлап істе
|
Дескриптор Білім алушы
-Мәтінді түсінеді;
-Мәтінге қатысты сұрақтарға өз ойын білдіреді;
-Ойын білдіру барысында қазақ тіліне тән төл дыбыстардың дыбысталу ерекшелігін ескереді.
Кері байланыс
Достарыңызбен бөлісу: |