Сабақ 1*2 Сабақ тақырыбы Қазақ отбасының дәстүрлері



бет89/222
Дата07.10.2024
өлшемі44,02 Mb.
#147088
түріСабақ
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   222
Байланысты:
5 сынып қмж

3-топ.
Тыңдайық
Көп орында көріне айтпа,
Біздің сөзге ерсеңіз.
Мұны жазған кісінің
Атын білме, сөзін біл!
Осы жалған дүниеден
Шешен де өткен не бұлбұл,
Көсем де өткен не дүлдүл.
Сөз мәнісін білсеңіз,
Ақыл – мизан, өлшеу қыл.
Егер қисық көрінсе,
Мейлің таста, мейлің күл.
Егер түзу көрінсе,
Ойлап-ойлап, құлаққа іл.
Ақымақ көп, ақылды аз,
Деме көптің сөзі пұл.
Жақынның сөзі тәтті деп,
Жақыным айтты дей көрме.


Мұндағы : мизан- таразы


Сөйлесейік
Көп орында көріне айтпа,
Біздің сөзге ерсеңіз.
Мұны жазған кісінің
Атын білме, сөзін біл!



  1. Асты сызылған сөздің мағынасын түсіндіріңіз.

  2. Автор бізге қандай ақыл айтады?

Бірге орындайық

  1. Өлеңнен антоним сөздерді анықтаңыз. Өлеңде антоним сөздердің рөлі қандай?

Сипаттайық

  1. «...Ақыл – мизан, өлшеу қыл...» деген ойды қалай түсінесіз?



4-топ.
Тыңдайық
Надандықпен кім айтса,
Ондай түпсіз сөзге ерме.
Сізге айтамын, хаупім - бұл.
Өзің үшін үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма-жыл.
Біреу үшін үйренсең,
Біреу білмес, сен білсең,
Білгеніңнің бәрі - тұл.
Сөзіне қарай кісіні ал,
Кісіге қарап сөз алма.
Шын сөз қайсы біле алмай,
Әр нәрседен құр қалма.
Мұны жазған білген құл –
Ғұламаһи Дауани,
Солай депті ол шыншыл.
Сөзін оқы және ойла,
Тез үйреніп, тез жойма,
Жас уақытта көңіл - гүл.


Мұнда: тұл- бекер


Сөйлесейік

  1. Автор қандай қауіп туралы айтады? Ол қандай қауіп төндіреді?

  2. «Өзің үшін, біреу үшін» деу арқылы автор не айтқысы келеді?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   222




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет