Сабақ 12 Тақырып 12. Суды, азық-түлікті, жемді және су көздерін төтенше


Малға арналған жемді қоймада және дала жағдайында сақтау



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата31.12.2021
өлшемі122,33 Kb.
#22571
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Малға арналған жемді қоймада және дала жағдайында сақтау

 

 Зақымдану   қауіпі   кезінде   қоймалардағы   есік   пен   терезе   ойықтарына 

кірпіш қойып, сылаған дұрыс, жақтауларды,  ойықтарды мұқият қиыстырып, 

шыныны жағылатын затпен тығындап, есіктерге нығыздағыш төсем қойған 

жөн.  Қойма   терезесін   қорғаудың   ең   жақсы   әдісі   кәдімгі   шыныны  шыны 

блоктарымен,   сондай-ақ   қысқыш   болттың   көмегімен  терезе   ойығына   тығыз 

тартылатын   тірекпен   айырбастау.   Қоймалардағы   желдеткіш   қондырғылар 

арнайы жылжытқышпен және металл қалпақшамен жабдықталады.

Қойма   мен   элеватор   ішінденгі   ауаны   залалсыздандыру  үшін 

бактерицидтік шам орнату ұсынылады.

Қойма   ғимараттарының   дайыңдық   деңгейіне   байланысты,  азық-түлікгің, 

тамақ   шикі   затының   бүкіл   қоры   брезентпен,   синтетикалық   пленкамен,   көп 

қабатты қағаз орамалмен жабылуы қажет.

Егін   жинау   кезінде   ашық   аспан   астындағы   жемді   қорғау  бір   қатар 

қиындықты туғызады.

Егін   жинау   кезінде   зақымдау   пайда   болған   кезінде   егіс  өнімдерін 

бірінші кезекте,  мүмкіндік болса,  негізгі  сақтау  орнына   (элеватор,   қойма) 

апару   қажет.   Егер   мұндай  мүмкіндік   жоқ   болса,   оны   сол   жерде   мұқият 

қымтайды, сол үшін тегіс жерді таңдайды, оның төңірегінен 1 м қашықтықта 

жауын   суынның   ағуы   үшін   шұңқыр   қазады.   Алаңды   жақсылап   тазалайды, 

таптайды, сабан төсейді, содаң соң астықты төгіп үстін сабанмен, бұдан кейін 

брезентпен   немесе  полиэтиленді   пленкамен   жауып,   үстін   бастырып   қояды 

(топырақ, бөрене және т.б.). Жабатын материал жоқ болса астықты 25—30 см 

қалындықтағы   сабанмен   жауып,   үстіне   топырақ   тастайды.   Картоп,   тамырлы 

жемістер мен көкеністер  буртқа жиналады, оларға желдеткіш қорапша бекітеді. 

Шөп   пен  сабаның   маясын   синтетикалық   пленкамен,   брезентпен,   сабанмен, 

жасыл   бұтақпен   жауып   желден   ұшпас   үшін   тірекпен   бекітеді.   Өсімдікгердің 

жасыл массасы сүрлеу үшін жабық  траншея мен шөп мұнараларында мұқият 

қорғалады.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет