Сабақ №13 Пәні:«ЕОҚ бар мектеп оқушыларының даму физиологиясы»



бет1/2
Дата07.02.2023
өлшемі22,14 Kb.
#66019
түріСабақ
  1   2

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Педагогика және психология факультеті
Олигофренопедагогика

Практикалық сабақ №13

Пәні:«ЕОҚ бар мектеп оқушыларының даму физиологиясы»
Тақырыбы: «Сыртқы орта мен мектеп кешеніне арналған гигиеналық талаптар.»


Орындаған:Жолшиева Қ.Е Қабылдаған:Байдосова.Д.К


Алматы қаласы 2022ж


«Сыртқы орта мен мектеп кешеніне арналған гигиеналық талаптар»
1 .Сыртқы орта мен мектеп кешеніне арналған гигиеналық талаптар.
2. Мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарына, жиһаздарына, жабдықтарына қойылатын гигиеналық талаптар.
Мектеп гигиенасы — өсіп келе жатқан ұрпақтың, балалар мен жас өспірімдердің денсаулығын қорғау, нығайту және дамыту жайындағы ғылым.
Мектеп гигиенасы оқушылардың даму ерекшеліктерін және гигиенасын; сыртқы ортаның табиғат факторларының гигиеналық маңызын және оларды оқушыларды шынықтыру үшін пайдалануды; мектеп және мектептегі санитарлық-техникалық тетіктерге, мектепті жабдықтауға және оку құралдарына қойылатын гигиеналық талаптарды; оқушылардың тамағын; оқушыларда болатын аурулардың профилактикасын зерттейді. Бұл мәселелер жайлы білім әр педагог үшін қажет, өйткені мектеп гигиенасы талаптарының орындалмауы оқушы организмінің қалыпты дамуына әсерін тигізуі және түрлі ауруларға шалдықтыруы мүмкін. Сондықтан мектеп гигиенасы барлық педагогтық оқу орындарында міндетті түрде оқылатын пән болып табылады.
Мектеп гигиенасының міндеттері. Қазіргі уақытта мектеп гигиенасының алдында үлкен міндеттер тұр. Ол адамның өсіп және дамып келе жаткан организміне ықпал ететін сыртқы ортаның жағымсыз факторларының әсерін бәсеңдету үшін амал тауып қана қоймай сонымен қатар табиғи және жасанды түрде болатын жағдайлардың организмге, оның өмірлік тонусын арттыруға, жұмыс қабілетіне пайдалы әсер етіп, ауруға деген қарсылығын арттыратындарын пайдалануы керек.
Мектеп гигиенасы адам табиғатын, оның физикалық және психикалық қасиеттерін жетілдіре түсуге жәрдемдесуге тиіс.
Мектеп гигиенасының бір міндеті — өсіп және дамып келе жаткан организмді тәрбиелеу және оқыту жағдайларымен тығыз байланыста қарастыру. Сәбидің немесе жас өспірімнің организміне олардың тәрбиелеу және оқыту жағдайларын гигиеналық жағынан жақсартпайынша, әсер етуге болмайды. Орыстың материалистік физиологиясының атасы И. М. Сеченов 1861 жылдың өзінде-ақ былай деп жазған болатын: «Оның тіршілік етуін қолдап отыратын сыртқы ортасыз организмнің болуы мүмкін емес, сондықтан организмге берілетін ғылыми анықтамаға оған әсер ететін орта да енуге тиіс. Сөйтіп ортасыз организмнің тіршілік етуі мүмкін болмаса, онда тіршілікте маңызды нәрсе орта ма немесе дененің өзі ме деп таласудың ешқандай мәні жоқ».
Мектеп гигиенасы оқушылардың денсаулығын қорғауға және нығайтуға бағытталған методтарды жасап шығарады. Сонымен қатар ол бұл методтарды жалпы білім беретін колледж, мектептерде қорытындылап отырады.
Павловтың физиологиялық ілімінің және басқа биология ғылымдарының гигиенаның дамуына әсері. Мектеп гигиенасы өз дамуында физиология, физика, химия, микробиология сияқты т. б. ғылымдарға сүйенеді. Орыс физиологы И. П. Павловтың ілімі дамып келе жатқан организм үшін жоғары нерв қызметінің жетекші ролі туралы айтады. Адамның организмі — бір тұтас, ондағы клеткалар, тканьдер және органдар өзара байланысты ғана емес, олар біріне-бірі әсер етіп отырады. Бұл бірігу нерв системасы және оның жоғары бөлігі — ми арқылы іске асады. Орталық нерв системасы адам организмінің барлық тіршілігін басқарып және бағыттап отырады.
Адам организмінің дамуы мен тіршілік қызметі үшін мидың мәнін осылайша түсіну организмді сырткы ортамен теңгеру үшін, яғни адам денсаулығы үшін ғана емес, сонымен бірге оның барлық жағынан, соның ішінде психикалық жағынан да, шексіз жетіле беруі үшін зор мүмкіндіктер туғызады.
Гигиеналық тұрғыдан алғанда ортаның неғұрлым қолайлы жағдайларын жасай отырып және оларды батыл түрде пайдалана отырып, біз денсаулықтың нығаюы мен дамуына, қайратты, сергек, жайдары адамдарды тәрбиелеуге көмектесеміз, адам табиғатын жетілдіреміз. Осыған байланысты оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің гигиеналық жағдайларын толық және жақ-жақты қамтамасыз ету қажеттілігі ерекше мәнді бола түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет