6. Тапсырмалар: 1. Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша дйындалу
2. On-line тест жүргізу
3. Ситуациялық және типтік есептер шығару
1.Адамда анофтальмия (көз алмасының болмауы) сирек кездесетін а генімен тұқым қуалайтын белгі. Аллелді ген А көз дұрыс дамуына жауап береді. Гетерозиготтарда көз алмасы кішірейген
(микрофтальмия). Көз алмасы кішірейген ата-аналардан туылатын балалардың гено- және фенотиптерін анықтаңыз.
2. Цистинурияның бір түрі (төрт түрлі аминқышқылдарының алмасуының бұзылуы) аутосомды рецессивті белгі. Гетерозиготтардың несебінде цистиннің мөлшері жоғары болады, ал гомозиготтарда – бүйректе тас түзіледі.
а) Ерлі -зайыптылардың біреуінің бүйрегінде тас, екіншісінің несебінде цистиннің мөлшерінің жоғары болған жан ұяда цистинурияның жарыққа шығу мүмкіндігін анықтаңыз.
б) Ерлі – зайыптылардың біреуі талдаушы белгі бойынша сау, екіншісінің бүйрегінде тасы бар жанұяда цистинурияның көрініс беру мүмкіндігін анықтаңыз.
3.Брахидактилияны /қысқа, жуан саусақтылық/ анықтайтын ген В гомозиготтарда (ВВ) өлімге әкеледі, ал гетерозиготтылар өмір сүруге қабілетті. Гетерозиготалы (Вв) ата-аналардан өмір сүруге бейімді балалардың проценттік шамасын анықтаңыз ?
4.Адамда ақ шаштың түсін анықтайтын ген Сm шаштың қара түсін анықтайтын СD геніне қарағанда рецессивті белгі, ал жирен шаштың түсін анықтайтын СI геніне басымдылық көрсетеді. Балаларының шаштарының түстері қандай болмақ, егер әжелерінің шаштарының түстері жирен, ал әкесінің шашы ақ, шешесінің шашы қара болса?
5. Отбасының шежіресін құрастырыңыз: ата-анасының қан топтары АВО жүйесі бойынша ІІ және ІІІ (анасы гомозигота, әкесі гетерозигота). Балаларының генотиптерін және қан топтарын, эритроциттеріндегі антигендер типін, барлық шежіре мүшелерінің қан сары суындағы антиденелерін анықтаңыз.
6. Отбасының шежіресін құрастырыңыз: ата-анасы қан топтары АВО жүйесі бойынша І және ІV. Ата - анасының генотиптерін, балаларының генотиптерін және қан топтарын, эритроциттеріндегі антигендер типін, барлық шежіре мүшелерінің қан сары суындағы антиденелерін анықтаңыз.
7. Отбасында АВО жүйесі бойынша анасы мен баласының қан топтары, анасының қан тобы ІҮ, баласының қан тобы ІІ, Әкесінің мүмкін болатын барлық қан топтарымен генотипін анықтаңыз.