Сабақ 22-24. Жоспарлау. Тізбектелген сабақтар топтамасын орта мерзімдік жоспарлау



бет8/8
Дата07.01.2022
өлшемі111 Kb.
#17616
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Сырлыбек Б МИ-31 ББЖТ

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші деңгей. (2015 жыл)

  2. Екінші деңгей курстарының үлестірме материалдары, (2015 жыл)

Коучинг бойынша рефлексивті есеп

Ең алдымен мұғалімдерді «Әлемнің жеті кереметі» бойынша пазлдармен топқа бөлді. Мұғалімдер алған қиықтары бойынша жинап, топқа бірікті. Топ ережесін құрды. Одан соң мұғалімдерге жаңа үлгіде сабақ құрудың әдіс тәсілдері жайлы түсінік берілді. ҰМЖ – оқу бағдарламасы, пәннің мазмұны, ОМЖ- жұмыс сызбасы, тізбектелген сабақтар, ҚМЖ-жеке сабақ екендігі анықталып көрсетілді. Орта мерзімді жоспарлау мақсатымен таныстырылды. Оқу мақсаты мен оның нәтижелерімен тынстырылды. 7 модуль мән мәтінімен таныстырылды.

Одан соң мұғалімдерге бірінші тапсырма ретінде қазіргі қолданып жүрген сабақ жсоапрларының құндылықтары, қойылатын мақсатыңызға жетесіз бе деген сұрақ қойылды. Мұғалімдер топ мүшелерімен ақылдасып, қазіргі кезде сабақ құрылымын қалай жасайтынын, қойылған мақсаттыран толық жете алмайтынын айтып өтті. Барлығы да жасаған жұмыстарын постерге жазып, тақтада бірлесіп қорғап шықты.

Одан кейінгі кезеңде мұғалімдерге жаңа үлгідегі ОМЖ және ҚМЖ жасау үлгілер ұсынылды, СМАРТ мақсатты қою түсіндірілді. Одан соң мұғалімдер сол үлгілерге қарап отырып, өздері бір тарау бойынша ОМЖ жоспарын, ҚМЖ құрып үйренді. Оны әріптестерімен таныстырып шықты. Одан соң мұғалімдерден өтілген коучинг сессия бойынша кері байланыс алынды.



Коучингтің сәтті шыққан тұстары:

- мұғалімдерде жаңаны білуге деген құлышыныстың байқалуы;

- олардың ынтымақтастық атмосферасында бірлесе жұмыс жасауы;

- ОМЖ және ҚМЖ құруда өз пкірлерін білдіре алуы



Сәтсіз тұстары:

  • Мұғалімдердің әлі де болса ескі ұстанымнан арыла алмауы;

  • Қиындық кездессе бірден оған мойынсұнуы секілді келеңсіздіктер байқалды.

Кері байланыс сұрақтары:

  • Сізге бүгінгі коучинг сабағы ұнады ма?

  • Осында үйренген әдістерді сабағыңызда пайдаланысз ба?

  • Сіз жаңа не үйрендіңіз?

Мұғалімнің берген кері байланыстары:



  • Ия маған бүгінгі коучинг сабағы өте ұнады. Мен біршама жаңа мәліметтер алдым. Болашақта өз сабағымда осы әдістерді пайдаланамын. Мен ОМЖ, ҚМЖ құруды үйрендім.

  • Ия маған сабақ ұнады, ұтымды тұстары көп болды. Әлбетте өз сабағымда қолданамын. Бағалаудың түрлері, ОМЖ, ҚМЖ құруды, жаңаша әдіс-тәсілдер түрлерін үйрендім. Болашақта осы әдістердің тиімділігі жайлы коучинг сабағы ұйымдастырылса.

  • Маған бүгінгі сабақ ұнады. Сабағымда пайдаланып жүрмін. Бірақ толық емес екен бүгін самрт мақсат қоюды, ол мақсатқа жету керектігін білдім.

  • Бүгінгі сабақта алған теориялық білімімді практикада іске асырамын. Сабақта болашақта қолданамын деп ұйғарым жасап шықтым. Бірнеше жаңа тәсілдерді үйрендім.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет