И.П. Павловжеке ағзаның мінез-құлығына тән жүйке үдерістерінің негізгі касиеттерін 3 топка бөліп көрсетті. Оның бірінші қасиеті – қозу мен тежелу үдерістерінің әсер ету күшіне байланысты. Екінші қасиеті –қозу мен тежелудің арақатынастарының біріне- бірінің сәйкестігі. Қозу басым болса, тежелу баяу жүреді, кейде керісінше тежелу басым болса, қозу баяу таралады. Үшінші қасиеті жүйке үдерістерінің қозғалғыштығына сәйкес жүзеге асады. Бұл қозу мен тежелудің бір-біріне алмасу жылдамдығы бойынша анықталады.
И.П. Павлов жүйке үдерістерінің қасиеттеріне сүйене отырып, жоғары жүйке қызметін 4 топқа (типке) бөлді.
Тежелудің күші шамалас. Қозу мен тежелудің біріне-бірінің алмасуы тез жүреді. Оларды сангвиниктер (пысық, еті тірі, жарқын жүзді) деп атайды. Оларға тән қасиеттер – салмақты, сенгіш, сезімтал, өзін бірқалыпты ұстай біледі. Жұмыс істеуге кабілетті, жігерлі, елгезек, ашуы тез тарқайды. Ұстамдылығы басым. Қиындыққа төзімді әрі оны жеңе біледі. Көңіл күйі өте өсершіл.