Сабақ №3 Тақырыбы: Темперамент типтері туралы Гиппократ ілімі



бет5/8
Дата08.12.2023
өлшемі53,91 Kb.
#135374
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
3 практикалық сабақ

Туйсіну, қабылдау . Туйсіну, қабылдау (ұғу) дегеніміз — айналадағы заттардың, құбылыстардың сезім мүшелері аркылы мида бейнеленуі. Бұл зейін арқылы байқалады. Зейін белгілі бір жағдайдың адам психологиясында шоғырлануы, жинакталуы. Зейін қойып қабылданған көрініс, оқиға және т. Б. Ұзақ уақыт есте сақталады.
Ойлау. Адам кез келген жұмысты орындаудан бұрын ойға беріледі. Ойлау аркылы адам заттарға, құбылыстарға тән қасиеттерді, олардың байланысын толық күйінде есіне түсіреді. Ойлау кезінде кажетті жағдайлар жан-жақты талданады, толықтырылады, есте бар деректермен салыстырылады. Ойлау мидың күрделі кызметі арқылы жүзеге асады. Ойға алган нәрселер адамның бірімен-бірінің қатынасы арқылы орындалады. Адамның ойлау кабілеті еңбек ету барысында калыптасады. Ол айналадағы болып жатқан жагдайларды сөзбен бейнелеу, ойға берілу аркылы көрініс табады. Ойлау қабілетінің 2 түрі бар. Біріншісі, сөзбен қисынды ойлаудың жалпы заңдылықтары нәтижесінде дәлелдеуге мүмкіндік туады. Екіншісі, көрнекі-бейнелі ойлау арқылы заттар және т. Б. Олардың салыстырмалы бейнесі көз алдымызға келеді. Адам миының сол жақ сыңарының сөзбен қисынды ойлауды жүзеге асыруды қамтамасыз ететіні анықталды. Ал мидың оң жақ сыңары көрнекі-бейнелі ойлауға қатысты ақпараттарды өңдеуге көбірек әсер етеді.
Сөз. Айналада болып жатқан ақпараттарды қабылдау, талдау, жауап қайтару сигналдық жүйелер аркылы жүзеге асады. Ағза мен қоршаған орта арасында сигналдық жүйелер аркылы байланыс түзіледі. Сигналдық жүйелер бірінші сигналдық жүйе және екінші сигналдық жүйе деп 2 түрге бөледі.
Бірінші сигналдық жуйе — жануарларға да және адамға да тән қасиет. Оның орталығы ми кыртысында орналасады. Бірінші сигналдық жүйе аркылы ағза сырткы ортаның нақты тітіркендіргіштеріне қайтарады. Бүл кезде сыртқы ортада болатын заттар және құбылыстар шартты рефлекстің түзілуіне әсер етеді. Оған мысал ретінде, сәбидің тамаққа, ойыншыққа катысты рефлекстерін атауға болады.
Екінші сигналдық жүйе — тек адамға ғана тән касиет. Бұл жүйедегі негізгі шаррты тітіркендіргіш — сөз. Сөздің әсерінен пайда болған қозуды ми қыртысы қабылдап, талдап, жауап кайтарады. Сөз бірінші сигналдық жүйенің жұмысына түрткі болады. И. П. Павловтың пікірі бойынша, сөз «сигналдардың сигналы» болып есептелінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет