Сабақ №3 Тақырыбы: Темперамент типтері туралы Гиппократ ілімі



бет4/8
Дата08.12.2023
өлшемі53,91 Kb.
#135374
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Әлсіз (сылбыр) топ – қозудың күші әлсіз, ми қыртысының қызметі төмен деңгейде жүреді. Әлсіз тітіркендіргіштің әсерінен-ақ тежелу байқалады. Осындай жүйке жүйесі бар адамдарды меланхоликтер (уайымшыл, мұңды) деп атайды. Олардың психикалық

  1. Қозу мен тежелу процестері тең, күшті және жылдам қимылдағыш тип, басқаша айтқанда, оны Павлов ширақ тип деп атайды. Жүйке саласының осы типі жоғарғы айтылған темпераменттің сангвиника дейтін түріне сәйкес келеді.

  2. Қозу, тежелу процестері тең, бірақ, олары баяу алмасады. Мұны И.П.Павлов, баяу тип деп атайды. Жүйке саласының бұл типі флегматикке сәйкес келеді.

  3. Қозу мен тежелу процестері тең емес, қозуы басым, күшті, ұстамсыз тип. Бұған темпераменттің холерика дейтін түрі сәйкес келеді.

  4. Қозу, тежелу процестері қай жағынан да өте әлсіз тип. Бұл тип меланхолик темпераментінің физиологиялық негізі болып табылады.


  1. Адамның ЖЖҚ қосымша типтері.

Әрбір адамның өзіне тән мінез-құлық ерекшеліктері жоғары жүйке қызметінің негізінде қалыптасады. И. М. Сеченов адамның психикалық іс-әрекеттерінің жүйке жүйесінің рефлекторлық қағидаларына негізделетінін дәлелдеді.
И. П. Павлов өз еңбектерінде алдыңғы мидың үлкен ми сыңарларының қызметін жоғары жүйке қызметі деп атады. Жоғары жүйке қызметі аркылы ағза үнемі өзгеріп тұратын сырткы ортаның өзгерістеріне бейімделеді. Орталык жүйке жүйесінің баска бөлімдерінің қызметі тек ағзаның өзінде ғана жүретін қызметтерді реттеуғе бағытталады. Адам алдына белгілі бір мақсат қойған кезде, оны жүзеге асырудың жолдарын саналы түрде ойластырады. Соған сәйкес әрекет жасайды.
Адамның жоғары жүйке жүйесіне тән қасиеттерге сана, ойлау, сөз, еңбек ету кабілеті, қоғамдық өмірге бейімделуі жатады.
Сана — тек адамға ғана тән айналадағы бар нәрсені психикалық бейнелеудің көрінісі. Саналы адам деген ұғымда терең мән бар. Сана адамның білім дәрежесін, шығармашылык қабілетін, ой-өрісін байқататын көрсеткіш. Сана — адам миының ең жоғары деңгейдегі қызметі. Кейде адам кейбір іс-әрекеттерін сананың бақылауынсыз-ақ орындай алады. Мысалы, әбден дағдыға айналған іс-әрекеттер (жазу, оқу және т. Б.). Адамның санасы аркылы жеке басы қоршаған ортамен байланысқа түседі. Басқа адамдармен қарым-қатынас жасайды, өз білгенін басқаларға үйретеді. Адамдардың бірімен-бірінің қарым-қатынас құралы — сөз. «Сөзі түзудің өзі түзу», «жақсы сөзге кұлақ сал, жақсы ақылды сұрап ал» деген нақылдардан сананың көрінісі айқын байкалады. Сана адамның бойындағы танымдық үдерістермен тығыз байланысты. Сана түйсіну, ұғу, зейін, ее және ойлау қасиеттерін қамти отырып, өзінің үғымдық ауқымын кеңейте түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет