Сабақ 3 Тақырып: «Мамандығым мақтанышым. Кәсіби мәтін №15.»



бет2/9
Дата10.11.2022
өлшемі105 Kb.
#49123
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Эссе – ақиқат ұлылығы.

Әдебиет-керемет қоғамдық күш.


Д.И. Писарев
Әдебиет халықтың кешегі өмірін, бүгінгі тынысын кестелеу арқылы белгілі бір кезеңдердің көркем шындығын көрсетеді. Қай елдің әдебиетінде болса да көркем шығармашылықтың құнды жанры ретінде эссе туындап жатады. Әр жанрдың өз ерекшелігі мен өзіндік табиғаты бар. Әдетте бір жанрға қойылатын талапты екінші жанрдың табиғаты көтере алмайды. Вольтер:«Жалықтырып жіберетін жанрдан басқасы бәрі жақсы»-деген. Шынымен де, қызықсыз жанр болмайды, бұл тікелей жазушының көзқарасына, идеясына, бейнелеу, жеткізу әдісіне байланысты дүние.
Эссе жанры – тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше талғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлсек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын философиялық, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің жанры. Әдебиеттегі эссе-соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлемнің азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдаумен ерекшеленетін көркем туынды.
Бұл жанрдың негізін салушы француз ойшылы Мишель Монтень («Опыты», 1580-1588 г.г.) Н.Л. Лейдерман, Л.В. Куприяновский, З.И. Кирнозе, Г.М. Цвайг сияқты зерттеушілер бұл жанрды автобиография, биография, күнделік, мемуарлар, очерк, эпистолярлық әдебиет, құжаттық драма және т.б. қатарына жатқызады. Осы жанрлар кейінгі антика дәуіріндегі өнер түрімен ұқсас болып келеді, ал тарихы көркем-құжаттық әдебиет ғылымға талпыну мен адамды, қоғамды, тарихты көркемдік жағынан зерттеу кезі – Қайта өрлеу дәуірінде бастау алады. Бүгінде эссе жанры жаңа рөлге ие, маңызды функция атқарады, нақты айтатын болсақ, Республика деңгейінде өтетін кейбір шығарма бәйгелері осы жанрда ұсынылып жарияланады, бұның себебі-эссе жанры жеке тұлға тарапынан баяндалатын хабарламаны талап етеді.
Соңғы жылдары эссе жанры баспасөз беттерінен қайта көріне бастады. Бұның себебі – эссенің газет беттеріне қайталамас реңк, ерекшелік әкелуінде. Қазіргі заманғы эссенің негізі – қоғамдық өмірдің әр саласындағы құбылыстарынан пайда болған «теория», анықталған концепцияны ерекше бейнелеу мен жеткізуде жатыр. Эссеистың ойлау деңгейі «глобальдылық». «Глобальды» деңгейде ойланудың маңыздылығы ең алдымен адамдардың күнделікті өмірде негізгі мәселелердің ішінде көкейкесті, өтпелі кезеңдерді анық байқауға көмектеседі.
Журналистік тұрғыдан қарастыратын болсақ, өте тиімді, әрі журналистік функцияны атқаруға мүмкіндік жасайтын жанрлардың бірі. Өкінішке орай, кейбір эссе жазушылары оның негізгі қисынын, жанрлық ерекшелігін, құрылымдық сипатын біле бермейді, көбінесе, ойша болжаммен жазады. Эссенің бірнеше түрлері болады, біз солардың ішіндегі ең көп таралған 4 түріне тоқталайық:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет