Сабақ 3 Тақырып: «Мамандығым мақтанышым. Кәсіби мәтін №15.»


-тапсырма. Шағын мәтінді оқыңдар



бет5/9
Дата10.11.2022
өлшемі105 Kb.
#49123
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
1-тапсырма. Шағын мәтінді оқыңдар.


Мамандық таңдау – маңызды іс

Кез келген мектеп бітіруші жастың алдында мамандық таңдау, білім алатын оқу орнын таңдау сияқты маңызды мәселе туындайды. Біздің әрқайсымыз да білім нәрімен сусындап, егеменді елдің білікті азаматы болғымыз келеді.


Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті жоғары деңгейдегі сапалы маман дайындау үрдісімен тек Қазақстанда ғана емес, әлем деңгейінде танымал оқу орны. Университетке оқуға түскен әрбір жас бірінші күннен бастап білімнің жаңа, сан қырлы әлеміне енеді.
Әрине, білім алу оңай емес. Кейде бәрін білетін сияқтысың, кейде бәрі қиын сияқты. Қалай дегенмен де бірінші сессиядан кейін ғана өзіңді ерекше сезінесің. Кеудеңді қуаныш кернеп, «беске» толы сынақ кітапшасына қарағанда, «мен студентпін» деп қуаныштан айқайлағың келеді.
Алғашқы семестрде мектепте алған білімің аса маңызды, ал кейбіреулер мұны мойындағысы келмейді. Бұл дұрыс емес. Себебі, Қазақстанның білім беру жүйесінде бірінші курс жалпы білім беру курсы, яғни бірінші курс студенті үшін университет талаптарына, жаңа студенттік өмірге, жаңа оқу жүйесіне бейімделу курсы болып табылады.
Факультеттегі әр кафедра – ғылыми зерттеу бағыты қалыптасқан, әлемдік ғылыми орталықтармен тығыз байланыс орнатқан, ғылыми жаңалықтарымен әлемге танылған, жас ғалымдарды тәрбиелеуде белгілі бір бағыты нақтыланған ерекше ғылым әлемі. Студенттік өмірдің алғашқы күндерінен бастап осы ерекше әлемнің иесі болуға талпын, жас жеткіншек!


2-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріп, өзара әңгімелесіңдер.
1. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің 50 жылдық мерейтойы 2013 жылы қыркүйек айында тойланады. Сонда университет қай жылы құрылды?
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университет 1963 жылы қыркүйек айында құрылды.
2. Қазіргі кезде университетте қандай факультеттер бар?
Қазіргі кезде университетте 5 факультет – политехникалық, машина жасау, ветеринария, агрономия және экономика факультеттері бар.
3. Сіз қай факультетте оқисыз? Өз факультетіңіз туралы не білесіз?
Мен политехникалық факультетте оқимын. Біздің факультетте студенттер 11 мамандықтар бойынша білім алады.
4. Сіздің факультетте студенттер үшін қандай жағдай жасалған?
Студенттер жатақханамен толық қамтамасыз етілген.
5. Сіз жатақханада тұрасыз. Жатақхана өмірі туралы не айта аласыз?
Мен жатақханада тұрмаймын.
6. Факультеттің қоғамдық-мәдени өмірі туралы не айта аласыз?
Факультет ұжымы қоғамдық-мәдени өмірге белсене қатысады.
Мәтінмен жұмыс.
1. Мәтінді оқып, түсінгендеріңді айтыңдар.
2. Эссенің қандай түрлерін білесіңдер?
Эссе француз тілінен "essai", ағылшын тілінен "essay", "assay"- талпыныс, жазушылық сынама, очерк; латын тілінен "exagium" – ойлау.
Эссе философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанры. Әдебиеттегі Эссе – соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды. Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеші интеллектуалдық байлығын, аңғарымпаздығын, жарқын, тапқыр ойлылығын, өмір саяхатындағы көрген-білетін, сезінген-түйгенін, тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады. Эссе сипатында туған туындыларға батыл болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қо-нымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет