Сабақ 3 Тақырып: «Мамандығым мақтанышым. Кәсіби мәтін №15.»



бет3/9
Дата10.11.2022
өлшемі105 Kb.
#49123
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
3 практ

Публицистикалық эссе. Бұндай эссенің ерекшелігі күн тәртібіндегі, аудиторияны қызықтыратын мәселелерді қозғауында (мысалы өлім жазасына мораторий жариялау, терроризм т.с.с.).
Әдеби-сын эссе. Бұл әдеби шығармалар жайында жалпы ой-толғаныстар. Әдеби-сын эссенің рецензиядан айырмашылығы-эсседе шығарма детальды түрде талданбайды. Эссеист әдеби шығарманың жалпы заңдылықтарын көрсетуге тырысады, нақты шығарма арқылы өз пікірін білдіреді, идеясын өрбітеді.
Философиялық эссе. Автор эссенің бұл түрінде көбіне болмыстың жалпы мәселелерін, оның қоғамға, жеке адамға әсері туралы сөз қозғайды. Материя және рух, өмір және өлім, олардың бірлігі мен күресі-авторды толғандыратын тақырыптар осы.
Ғылыми эссе. Бұл эсселер жалпы ғылыми мәселелерге байланысты болып келеді. Техникалық жетістіктер, өркениет тағдыры, техника мен адам арасындағы қақтығыстар, ғылымның ізгіліктендірілу жолындағы әдістер мен мақсаттар және т.б. (5/217)
Эссе автордан логикалық жағынан жүйелі ақпаратты талап етеді. Эссеист өзінің ой-толғанысында бір немесе бірнеше пікірді жақтайды немесе оларға қарсы шығады. Автор өз ойын факт пен логикалық негіздеу арқылы дәлелдеп қана қоймай, бұл ақпаратты аудиторияға түсінікті түрде жеткізу керек.
Сонымен, эссе ғылыммен, публицистикамен және көркем әдебиетпен байланысты, дегенмен олардың ешқайсысына да тікелей қатысы жоқ жанр. Эссе көбінде «сараптамалық әдебиетке» жақын болып келетін және философия, әдебиет, саясат, сын, өнеге, эстетика, идеологияны объект ретінде қолданып, соларды сараптайтын жанр. Эссе үшін ең маңызды факторлар: өзектілілік, экспрессивтілік және бейнелілік. Жалпы сәтті жазылған эсселердің авторлары философтар, тарихшылар, мәдениеттанушылар, өнер зерттеушілері, жеке салада хабардар журналистер бола алатынына өмірдің өзі дәлелдеп жүр, демек эссе жанры автордың интеллектуалдық байлығына, өмірден білген, көрген, сезінген, түйгенін халыққа жеткізу стилінің өзіндік ерекшелігіне байланысты деген қорытындыға келуге болады.
Қарапайым тілмен айтқанда, эссе сіздің қандай да бір тақырыпқа өзіңіздің көзқарасыңыз, ойтолғауыңыз...мини шығарма десе де болады..


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет