Сабақ 3 Тақырып: «Мамандығым мақтанышым. Кәсіби мәтін №15.»



бет4/9
Дата10.11.2022
өлшемі105 Kb.
#49123
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
3 практ

Эссе жазудың шарттары
Классикалық эссе – бұл еркін тақырыпқа жазылған, көркемдік қиялдан азат қысқа көлемді шығарма. Эссенің мақсаты – әр түрлі тезистер,дәлелдер келтіре отырып берілген тақырыпты ашу. Онда нақты айғақтар беріліп,мысал келтіріледі.
Эссеге тақырыптардың шектеусіздігі, автордың өз тәжірибесіне негізделген жеке позицияның еркін мазмұндалуы тән. Эсседе стиль маңызды роль ойнайды. Әр түрлі эссе байқауларында (оқуға пайдаланудың алдындағы сынақтарда, сондай-ақ өзіндік шығармашы-лық байқауларда) мәселен, 500 сөздің көлемінде эссе жазу тапсырылады.
Қолыңа не үшін қалам алғаныңды ең алдымен өзің түсініп ал.
Мінсіз эссе жазудың дайын ережесі жоқ және болмайды да, бірақ эссе жазу дағдыларын жүзеге асыруға көмектесетін ережелер мен нұсқаулар бар.
Ең алдымен өзіңнің хабарлайтын, жазатын, ой толғайтын, талқылайтын нәрсең туралы анық білуің керек. Сондай-ақ, эссе жазуға итермелеген не нәрсе, эссені кім оқитынын түсіну өте маңызды. Оқырманның назарын өзіңе аудартатын, мүмкін болса қарсы жауап реакциясын тудыратындай өз ойыңды, сезіміңді, көңіл-күйіңді жеткізу үшін мәнерлі, мазмұнды, күшті сөздерді дұрыс таңдай білу керек. Эссе жазатын адам үшін ең маңызды қасиет – тілді еркін меңгеруі, басқалардың сезіміне әсер ететіндей дәл, анық бейнелі етіп сабақтастыра жаза білу.
Эссе жазуға қалай дайындалу керек?
Эссе жазуға кіріспес бұрын ең алдымен мына сұрақтарға жауап беру керек сияқты: «Мен неге және не үшін жазып отырмын?», «Менің жұмысымды кім оқиды?», «Мен қандай идеяларды айтқым келеді?», «Маңызды ақпаратты мен қай жерден іздеп таба аламын?», «Мен оқырмандардан қандай пікірлер мен іс-әрекеттерді күтемін?».
Эссе жазудың нақты мақсаты қандай?
Ол:
- Белгілі мәселе бойынша өз пікірін айту және дәлелдеу;
- Сұрақ бойынша өзінің түсінігін, ойын айту;
- Оқырмандарды ақпараттандыру;
- Мәселені талқылау және шындықты табуға тырысу;
- Өзінің және оқырманның көңілін толтыру, рахатқа бөлеу;
- Көңіл-күйіңді білдіру және оқырман көңілін аудару, эмоция туғызу;
- Іс-әрекетке түрткі болу.
Мақсат нәтижеге жету құралдарын анықтайды. Автор нәтиже шығатындай жағдайға дейінгі көлемде жазуы тиіс. Адам өзінің алдына қойған мақсатын білсе және өзінің жазба еңбектерін осы тұрғыдан қарастырса, мәтін түсінікті және айқын болады.
Болашақ оқырмандардан құралған топтардың жалпы ерекшеліктерін, сондай-ақ олардың құндылығы мен эссенің тақырыбына деген өз көзқарастарын анықтауға тырысу керек.
Бұл тәсіл оқырмандарға ақпаратты қалай қызықты етіп беруге, оны түсінікті, нақты, дәлелді түрде қалай баяндауға және қойылған мақсатқа сәйкес оқырмандарға қалай ықпал жасауға болатынын анықтауға көмектеседі.
Қандай ақпаратты хабарлап, қандай идеяны айтқыңыз келетінін айқындай отырып, өзіңізге де эссе тақырыбының маңыздылығына баса назар аударуға көмектесе аласыз.
Сіздің ойларыңыз, сезіміңіз, көзқарасыңыз және ұсыныстарыңыз аналогия, ассоциация, болжау, пікір, пайымдау, дәлел және т.б. түрінде берілуі мүмкін. Кейбір идеялар ерекше дәлелдемелерді қажет етпейді, ал кейбіреулері дәлел және фактілерсіз болады. Сондай-ақ, тақырыпты зерттеу барысында автор өзінің хабарлауына енгізгісі келетін жаңа идеялар мен жаңа ойлар туындауы мүмкін. Эссе мазмұнын құрайтын автор позициясының негізінде автордың жеке әсері, толғанысы жатуы мүмкін бола тұра, эссе авторына (әсіресе жаңа бастаған) қосымша ақпараттар артықтық етпейді. Эссенің тақырыбы қажет материалды қайдан іздеуге көмектеседі. Бұл кітапхана, интернет ресурс-тары, сөздіктер, анықтамалықтар, қайта оқып шығуды қажет ететін бұрын оқылған кітаптар болуы мүмкін. Сондай-ақ жаныңдағы адамдардан алынған ақпараттар қажет. Сұрақ және эксперимент те болуы мүмкін.
Келесі кезең – дайындық: ақпараттарды жинақтау, тезистерді құрастыру, жұмыстың құрылымын, баяндау тәсілін анықтау.
Ақпараттарды жинақтау көп уақытты алады: фактілерді тексеру керек, өнімді идеялармен істеп жатқаныңызға көз жеткізуіңіз керек, бар материал-дарды ретімен қойып, қайта саралап, қарап шығу керек. Кейбір мәліметтерді алып тастап, басқаларын кеңейтуге тура келеді, қандай жағдайда да не жинай алғаныңызды жүйелеп жазу керек.
Тезистер жұмыста ұсынылатын ақпараттарты жүйелеуге, идеялардың арасындағы сәйкестіктер мен сабақтас-тықты анықтауға көмектеседі. Ең жақсысы эссе жазуда көздеген мақсатқа жетуге көмектесетін маңызды ақпараттың өзін таңдаудан бастаған дұрыс. Содан соң, онда басқа да маңыздырақ ақпараттар алынады.
Тезистері мағыналы әңгімеге қалай айналдыруға болады?
Жүйелі ақпарат, идеяларды нақтылайтын фактілер болып, автор оларды қандай реттілікпен ұсынатынын білсе, сонымен қатар өзінің хабарламасымен қандай нәтижеге жеткісі келетінін көре білсе – тезистерді ойды мағыналы баяндауға айналдыру қажет.
Көп жағдайда ауызша және жазбаша хабарламалар үш негізгі композициялық бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлім.
Оқырманды қызықтыру үшін кіріспе бөлім жанды, нақты, күшті және мінсіз (өзіндік болуы керек. Онда оқырманға үндеу, афоризм, жалпы ой, жеке тәжірибеге сілтеме, аналогия, ассоциация, тұжырым, сұрақ, жеңіл ескертпе т.б. болуы мүмкін. Кіріспе мен негізгі бөлім арасындағы қатынас сақталуы керек. Егерде эссенің жалпы көлемі 500 сөз болса, кіріспеге 50 сөз алу ұсынылады.
Негізгі бөлім тақырыптың бірізді баяндалуы болып табылады, жазылған мәселе бойынша ұсыныстар мен көзқарастарды бейнелі түрде жеткізеді, жазбаша хабарландырудың мақсаты мен бағытына сілтейтін ой желісін құрайды, дәлелдемелері мен сілтемелері бар, идеяны дәлелдемелер мен нақты мысалдар арқылы нақтылайды. Мұнда әр түрлі айқындау құралдары қолданылады.
Қорытынды бөлімде әдеттегідей қорытынды жасалады, жазылған мәселе мәні мен мазмұнын күшейтеді, автордың ойымен сәйкес келетін көңіл-күй мен сезімді анықтайды. Эссенің қорытынды бөлімі негізгі бөлімнің көлемімен бірдей болу керек.
Ал, баяндау тәсіліне келетін болсақ (дедуктивті-жалпыдан жекеге немесе индуктивті-керісінше), эссенің тақырыбын қандай тәсілмен ашқан жақсы және қалай баяндау керек екендігін автор ғана анықтай алады. Бұл арқылы жұмыстың шығармашылық, өзіндік сипаты анықталады.

Автор неден бастап жазса да өз еркінде. Мүмкін кіріспе бөлімнен бастап, жайлап қорытындыға қарай келер.


Қайта қарап шығу дегеніміз, хабарламаны сапасы мен нәтижесі тұрғысынан мәтінді редакциялау: ойдың айқындылығы, түсініктілігі, яғни мағыналық байланыстылығы, бірізділігі, сауаттылығы және стильдің дұрыс-тығын айқындау, қайта қарау нәтижесінде екінші нұсқаның қажеттілігі туындайды. Екінші нұсқа бойын-ша жұмыс өте үлкен бөліктерден басталып, кішкентай бөліктерге дейін жалғасады: абзацтан сөйлемге дейін, сөйлемдерден сөзге дейін талданады, сараланады. Баяндаудың жатықтығына, ойдың логикалық сабақтастығына, байланысына назар аудару керек.
Түзету сатысында мәтін рәсімделіп, сауаттылығы, сөздердің байланысы, тыныс белгісі, стилистикасына жете көңіл бөлінеді.
Мәтіннің шебер өңделуі соңына дейін жалғасады. Жаргон және қазіргі заманға сай сөздерді орынды қолдану керек, әйтпесе олар коммуникативті кедергі туғызуы мүмкін. Мәтінде «жағымсыз» сөздердің пайда болмауын бақылап отыру артықтық етпейді. Әсіресе, көп мағыналы сөздерді пайдалану барысында мұқият болуы керек: мағыналық реңкті араластыру түсіндіруді қиындатады.
Сіз өзіңіздің эссеңіздің қандай нәтиже көрсететінін білгіңіз келе ме? Мұны тексерудің бірнеше жолдары бар: мәтінді дауыстап оқу, өз жазғаныңа оқырманның көзқарасымен қарауға тырысу, ең соңында адамдардың пікірін білу. Әр уақытта адам өзінің сөзімен құнды екенін естен шығармау керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет