Кеңестік Қазақстанның мәдениеті
(1945-1985 жылдар)
САБАҚ № 30
Мұғалім: Фарида Ерікқызы
ЖОСПАР:
Білім беру жүйесі
Ғылымның дамуы
Әдебиет және өнер
Театр және Кино
Білім беру
жүйесіндегі
өзгерістер
Соғыс кезінде тоқтап қалған
Жеті жылдық білім беру
1949 жылдан бастап қайта
жанданды.
1962 жылы 8 жылдық білім беруге көшу
туралы қаулы қабылданды. Қаулы
бойынша республикаға мектептер мен басқа да оқу орындарының құрылысына,
олардың материалдық-техникалық базасын жабдықтауға қосымша қаржы бөлінді.
Қазақстанға кәсіби мамандар жіберілді. Қаулы бойынша
-
11 жылдық политехникалық еңбек мектебін құру;
-
Мектеп-интернаттарды көбейту;
-
Техникум және училищелер ашу мәселелерін қарастырды.
1965 жылы републиканың 39 жаңа оқу орнында 144,7 мың студент білім алды.
Тың игеру
жылдарында 300-ден аса жаңа мектеп ашылды. Қазақ және аралас
мектептер, орыс тілді мектеп болып қайта жабдықталды.
1970 жылдары
ірі агрокешендер құрылып, «болашағы жоқ» елді мекендер
жойылып, шағын жинақты қазақ мектептері жабылды.
-
1950— 1970 жылдары
орыс тілінде
оқытылатын мектептер
1,5 мыңға
артқанда
,
-
қазақ мектептері
3891-ден
2577-ге азайды
. Мектептерде білім беру ісі
тоталитарлық тәртіптің ықпалынан шықпады.
Әйел педагогтер даярлауға мән берілді.
1947 жылы қазақ, орыс, ұйғыр тілдерінде
кітап
басып
шығаратын
оқу-
педагогикалық
баспа
өз
жұмысын
бастады.
1946-1958
жылдары студенттер саны
артты. ЖОО-ның мамандарының құрамы
нығайып, 1000-ға жуығының ғылыми
дәрежесі болды.
1984 жылдан бастап білім беру жүйесінде
реформалар жасалды:
- 11 жылдық білім беру енгізілді;
- Оқу 6 жастан басталды;
- Орта мектептерде 4 жаңа пән қосылды;
- 1988 жылы алғаш рет 12 жылдық білім
беруге көшу идеясы талқыланды.
Бірақ барлық реформалар КСРО-ның
ыдырауына байланысты тоқтап қалды.
Достарыңызбен бөлісу: |