Деңгейлік тапсырмалар: І деңгей тапсырмалары 1. Егер а мен b және b мен с түзулері қиылысса, а мен с түзулері қиылысады деп айтуға бола ма?
2. с түзуін жүргізіп, оған тиісті емес А нүктесі белгілеңдер. Осы нүктелердің әрқайсысы арқылы с түзуіне параллель болатын түзу жүргізіңдер. Ол түзулер қалай орналасады?
3. а,b түзулері берілген. Егер а‖b болса, b‖а бола ма? Жауабын түсіндіріңдер.
4. а мен b түзулері бір нүктеде қиылысады. Олардың әрқайсысына параллель түзулер бола ма? Жауабын түсіндіріңдер.
ІІ деңгей тапсырмалары 1. а.b,c түзулері берілген. а‖b, ал b мен с қиылысады. А мен с түзулерінің де қиылысатынын дәлелдеңдер.
2. Сәуле жазыңқы бұрышты 1:4 қатынасқа бөлсе, пайда болған бұрыштардың шамалары қандай?
ІІІ деңгей тапсырмалары 1. а түзуі мен осы түзуге тиісті емес а нүктесі берілген. А нүктесі арқылы өтетін үш түзудің ең болмасы екеуі а түзуін қиятынын дәлелдеңдер.
Топтық жұмыс. Парталас сыныптастарыңмен үшінші деңгей есебін шығарыңдар.
Оқулық
Аудидиск:
1.7.1; 1.7.3;
Қосымша тапсырма:1.7
Сабақтың соңы( 41-45мин)
«Сиқырлы ағаш» ойыны. Ойынның мақсаты: Оқушыларды сұраққа жауап бере білуге үйрету.
Ойынның шарты: Тақтаға ағаштың суреті ілінеді. Жемістердің сыртында бір сұрақтан жазылады. Тақтаға шыққан оқушы бір жемісті алып, ол қандай жеміс екенін, сұраққа жауап береді. Сөйтіп оқушылар ағашты жеміске толтырады.
№1.AB∥CD; EF-қиюшы,
(1) Егер ∠1=110 , ∠2 - ні тауып, себебін түсіндір.
(2) ∠4 неше градус?
Суретте:қабырғаға орналасқан су трубасы көрсетілген. Егер
AB IICE, ∠ABC=142o болса,
∠BCE - ны табыңдар?
№2. Суретте:қабырғаға орналасқан су трубасы көрсетілген. Егер
AB IICE, ∠ABC=142o болса,
∠BCE - ны табыңдар?
Сөз жұмбақ
1. Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер?
2. 8 қандай сан?
3. Нүктеден, екі сәуледен
Фигура ол құрайды.
Айтындаршы қанекі
Қалай ғана аталады?
4. Қосуға кері амал?
5. Ұзындық өлшем бірлігі?
6. Нәрселерді санау қолданылатын сандар?
7. Геометриялық фигуралардың барлық қабырғалардың барлық қабырғаларының қосындысы не деп аталады?
8. Ортақ нүктесі бар түзулер қалай аталады?
9. Шеңберді сызатын құрал?
(Қ)Сабақты қортындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.Оқушылар сабақ барысында нені білгенін, қалай жұмыс істегенін ,не қызықты әрі жеңіл болғанын, не киындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.