Сабақ 4 Модуль Табысты өзін-өзі таныстыру Тақырып Табысты өзін-өзі таныстыру



бет1/4
Дата27.11.2023
өлшемі28,07 Kb.
#129413
түріПрезентация
  1   2   3   4
Байланысты:
Практикалық сабақ 4


Практикалық сабақ 4


Модуль 2. Табысты өзін-өзі таныстыру
Тақырып 1. Табысты өзін-өзі таныстыру


Сұрақтар:
1.Табысты өзін-өзі таныстырудың түсінігі және негізгі түрлері.
2.Өзін-өзі таныстыру технологиялары.
3.Тиімді түйіндеме жасау және сұхбаттасудан өту.


1) Өзін - өзі презентациялау - жеке адамға назар аударту. Ал өзіңіз туралы қалай әдемі жазуға болатынын бірге анықтаймыз.
Презентация жасауға кіріспес бұрын, оның кімдерге арналатынын зерделеу керек. Мысалы, бизнес бойынша серіктестер үшін, әріптестер үшін, болашақ жұмыс беруші үшін және т.б.
Осыдан кейін ғана жазуды бастаңыз.
Өзіңізді қолайлы жағыңыздан көрсету, өзіңіз туралы және жетістіктеріңіз туралы айту, ұйымдастырушылық және бастамашылық қабілеттеріңізді көрсету, зияткерлік әлеует пен көшбасшылық қасиеттеріңіздің бар екендігін көрсету үшін өзін-өзі презентациялау өте қолайлы. "Өзін-өзі таныстыру" термині латынның "praesentatio" сөзінен шыққан, ол қоғамның жаңа бір нәрсе туралы көзқарасын білдіреді Бұл әдістің артықшылықтары - ең жақсы кәсіби қасиеттеріңізді, мамандандыруды, тәжірибеңізді және жоғары біліктілігіңізді көрсетуде. Бұл жазбаша немесе ауызша түрде жасалады.
«Басқаларға ұнау үшін, оларды қызықтыратын оқиғалар жайлы сөйлесу керек, маңыздылығы төмен заттар туралы жанжалдардан жалтару қажет, сұрақтарды көп қоймай, олардан ақылды бола алатындығыңызды мүлдем білдіртпеуге тырысқан жөн». (Франсуа де Ларошфуко)
Франсуа де Ларошфуко (15-қыркүйек 1613, Париж 17 наурыз 1680, Париж), Герцог де Ларошфуко - француз жазушысы, философия, моральдық шығармалардың авторы.
«Басшы үшін барлық қажетті қасиеттерге ие болудың қажеті жоқ.... тек сол қасиеттерге ие екендігіңіз туралы ой қалыптастыра білу ғана қажет». (Николло Макьявелли)
Макиавелли Никколо (3 мамыр 1469 жыл, Флоренция — 21 маусым 1527 жыл, сонда) — италиялық философ, жазушы, саясаткер- флоренциялық дипломат, саяси теоретик, саяси биліктің жаңа тарихтағы алғашқы аналитигі.
Біреу туралы сыртқы келбеті, қарым-қатынас тәсілі, мінез-құлқы және сыртқы ақпараттар бойынша пікір қалыптастыруға болады. Бірақ, белгілі бір дәрежеде біз айналамыздағы адамдарға немесе әріптестерге көрсететін өз бейнемізді жасаймыз. Іскерлік орта әлеуетті серіктестер мен қызметкерлердің жақсы қасиеттері мен күшті жақтарын білуге міндеттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет