Практикалық сабақ тақырыбы: Қайталамалы және қайталаусыз орналастырулар, алмастырулар, терулер
Мақсаты: Берілген тақырып бойынша теориялық білімдерін есеп шығаруда қолдана білуге үйрету, математикалық тілмен сөйлеуге және өз бетімен ізденгуге дағдыландыру
Тапсырмалар: «Алгебра» сөзінің әріптері көмегімен неше әртүрлі сөз жазуға болады ?
0,1,3,4 цифрлары көмегімен, цифрлары қайталанатын неше үш таңбалы сан жазуға болады?
6 адамды 6 кісілік бөлмеге неше тәсілмен орналастыруға болады?
1,3,5,7,9 цифрларының әрқайсысын бір рет қана қолданып, 6-ден кем неше үш таңбалы сан жазуға болады?
Поштада 1 түрлі ашық хат бар. Неше тәсілмен 5 түрлі ашық хат сатып алуға болады?
Жәшікте 5 қара, 4 ақ шар бар. Кездейсоқ алынған екі шардың екеуі де қара шар болу ықтималдығын табыңыз.
3 элементті жиынның ішкі жиындарының санын табыңыз.
6 элементті жиынның ішкі жиындарының санын табыңыз.
«Балақай» сөзінің әріптерінің көмегімен неше әр түрлі сөз жазуға болады?
х={5,3,1} жиыны элементтерінен ұзындығы 4-ке тең неше кортеж жасауға болады?
«Кітап» сөзінің әріптері көмегімен неше әртүрлі сөз жазуға болады?
1,5,0,4,3 цифрларының көмегімен неше үш таңбалы сан жазуға болады, егер цифрлары қайталанбаса.
5 ақ түсті 4 қара түсті шарбар. 2 ақ және 2 қара түсті шар неше тәсілмен таңдап алуға болады?
Топшамаларға 1-ден 20-ға дейінгі сандар жазылған. Кездейсоқ алынған екі топшаманың нөмірлерінің қосындысы 1-ге тең. болады, оқығасының ықтималдығын табыңыз.
55222444 санының жазылуындағы барлық цифрларды пайдаланып, әртүрлі неше 8 таңбалы сан жазуға болады?
х={3,5,4}жиыны элементтерімен жасалған ұзындығы 4-ке тең кертештер санын табыңыз.
3,2,0,5,3 цифрлары көмегімен неше бес таңбалы сан жазуға болады?
32,1,4 цифрларының әрқайсысын бір рет қана пайдаланып, 40-тан кем, неше екі таңбалы сан жазуға болады?
5 әртүрлі түсті бояудан,әртүрлі 4 түсті бояу сатып алуға болады? Осыны неше тәсілмен жасауға болады?
Қорапта 1-ден 20-ға дейін нөмірленген доптар бар. Кездейсоқ алынған екі доптың нөмірлерінің қосындысы 12-ке тең болу ықтималдығын табыңыз.
Әдістемелік нұсқау: Есептерді шешу тәсілдері мен онда қолданылған теориялық материалдардың мән-мағынасын естеріне түсіру. Басқа санау жүйелерінен ондық санау жүйесіне және керісінше көшуді мысалдар орындау арқылы қайталап, ондық санау жүйесіндегі кестелер сияқты, басқа жүйелердегі сандармен арифметикалық амалдардық кестелерін жасау, мысалдар шығару.