Сабақ №4 Практикалық сабақ тақырыбы: Қайталамалы және қайталаусыз орналастырулар, алмастырулар, терулер



Дата06.01.2022
өлшемі14,01 Kb.
#14464
түріСабақ
Байланысты:
4 практикалық сабақ


Практикалық сабақ №4

Практикалық сабақ тақырыбы: Қайталамалы және қайталаусыз орналастырулар, алмастырулар, терулер

Мақсаты: Берілген тақырып бойынша теориялық білімдерін есеп шығаруда қолдана білуге үйрету, математикалық тілмен сөйлеуге және өз бетімен ізденгуге дағдыландыру

Тапсырмалар:

  1. «Алгебра» сөзінің әріптері көмегімен неше әртүрлі сөз жазуға болады ?

  2. 0,1,3,4 цифрлары көмегімен, цифрлары қайталанатын неше үш таңбалы сан жазуға болады?

  3. 6 адамды 6 кісілік бөлмеге неше тәсілмен орналастыруға болады?

  4. 1,3,5,7,9 цифрларының әрқайсысын бір рет қана қолданып, 6-ден кем неше үш таңбалы сан жазуға болады?

  5. Поштада 1 түрлі ашық хат бар. Неше тәсілмен 5 түрлі ашық хат сатып алуға болады?

  6. Жәшікте 5 қара, 4 ақ шар бар. Кездейсоқ алынған екі шардың екеуі де қара шар болу ықтималдығын табыңыз.

  7. 3 элементті жиынның ішкі жиындарының санын табыңыз.

  8. 6 элементті жиынның ішкі жиындарының санын табыңыз.

  9. «Балақай» сөзінің әріптерінің көмегімен неше әр түрлі сөз жазуға болады?

  10. х={5,3,1} жиыны элементтерінен ұзындығы 4-ке тең неше кортеж жасауға болады?

  11. «Кітап» сөзінің әріптері көмегімен неше әртүрлі сөз жазуға болады?

  12. 1,5,0,4,3 цифрларының көмегімен неше үш таңбалы сан жазуға болады, егер цифрлары қайталанбаса.

  13. 5 ақ түсті 4 қара түсті шарбар. 2 ақ және 2 қара түсті шар неше тәсілмен таңдап алуға болады?

  14. Топшамаларға 1-ден 20-ға дейінгі сандар жазылған. Кездейсоқ алынған екі топшаманың нөмірлерінің қосындысы 1-ге тең. болады, оқығасының ықтималдығын табыңыз.

  15. 55222444 санының жазылуындағы барлық цифрларды пайдаланып, әртүрлі неше 8 таңбалы сан жазуға болады?

  16. х={3,5,4}жиыны элементтерімен жасалған ұзындығы 4-ке тең кертештер санын табыңыз.

  17. 3,2,0,5,3 цифрлары көмегімен неше бес таңбалы сан жазуға болады?

  18. 32,1,4 цифрларының әрқайсысын бір рет қана пайдаланып, 40-тан кем, неше екі таңбалы сан жазуға болады?

  19. 5 әртүрлі түсті бояудан,әртүрлі 4 түсті бояу сатып алуға болады? Осыны неше тәсілмен жасауға болады?

  20. Қорапта 1-ден 20-ға дейін нөмірленген доптар бар. Кездейсоқ алынған екі доптың нөмірлерінің қосындысы 12-ке тең болу ықтималдығын табыңыз.

Әдістемелік нұсқау: Есептерді шешу тәсілдері мен онда қолданылған теориялық материалдардың мән-мағынасын естеріне түсіру. Басқа санау жүйелерінен ондық санау жүйесіне және керісінше көшуді мысалдар орындау арқылы қайталап, ондық санау жүйесіндегі кестелер сияқты, басқа жүйелердегі сандармен арифметикалық амалдардық кестелерін жасау, мысалдар шығару.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет