Сабақ №5 (2 сағ.) Сабақ тақырыбы. Рефлекторлық доғаны талдау. Сабақ мақсаты. Рефлекторлық доғаны талдау және зерттеу



бет2/2
Дата23.10.2023
өлшемі63,5 Kb.
#120747
түріСабақ
1   2
Байланысты:
ФЧЖ зертхана жұмыс №5

1-тапсырма. Рефлекторлық доғаны талқылау.
Бақаның жұлыны дайындалады, яғни бақаның бас миын бұзып, жұлынын сақтап, бақаны тағанға іледі және оның төменгі жағын түйреуішпен ұстағыштағы қысылған тығынға қадайды. Оның оң жақ аяғының шонданай жүйкесін алып, оның астына лигатураны қояды.
Содан кейін аяғының терісін іскекпен ақырын ғана қысып көруге болады. Егер бақа тітіркендіруге жауап берсе, жұмысты мына реттілікті сақтай отырып, жалғастыруға болады.
1) Рефлекторлық реакцияның жүзеге асуында рецепторлардың рөлін анықтау үшін:
а) бақаның оң жақ аяғының терісіне 0,5% күкірт қышқылымен дымқылданған сорғыш қағазды салады. Қышқылмен әсер еткендегі рефлекторлық реакциясын бақылау қажет. Әрбір тітіркендіруден кейін аяқтарды сумен жуып отырады;

Екі және үш нейронды рефлекторлық доғаның сызбанұсқасы:
I-рецептор, II-афференттік жол, III-орталық жүйке жүйесі, IV-эфференттік жол, V-эффектор.
А-екі нейронды доғаның сызбанұсқасы; Б-үш нейронды доғаның сызбанұсқасы:
1-рецептор, 2-афференттік жол, 3-жұлын ганглийі, 4-жұлын, 5-ендірме нейрон,
6-эфференттік нейрон торшасының денесі.
б) бір аяғының тізе буынынан төмен терісінің бөлігін сыпырып тастап, сол аяқтың терісі сыдырылған бөлігіне күкірт қышқылымен дымқылданған сорғыш қағазды салып қояды. Қышқылдың теріге сіңбеуін бақылау керек. Бақа тітіркендіруге жауап бермейді, себебі теріде орналасқан сезімтал жүйке ұштарын алып тастаған соң, рефлекторлық доғаның тұтастығы бұзылады. Осы бақаның терісі сау аяғын тітіркендірсе - бақаның сол аяғы жиырылып жауап береді. Бұл рефлекторлық доғаның тек бірінші буыны - рецепторлардың зақымданғанының дәлелі.
2) Афференттік жолдың рөлін анықтау үшін:
а) еттен қышқылды шайып тастағаннан кейін терінің тітіркендіруге рефлекторлық реакциясының сақталғанын тексереді. Сол кезде оның сақталғанын көруге болады;
б) тәжірибені бақа аяғының шонданай жүйкесін қиып тастап жалғастырады. Сол кезде аяқ ұштарын қышқылға батырғанда, бақаның жақсы қозғалыс реакциясын байқауға болады;
в) ақырын ғана шонданай жүйкесін көтеріп, оның астына 0,1% кокаин ерітіндісі немесе хлорлы калийдің 1% ерітіндісімен дымқылданған мақтаны салады. Бұл заттар жүйкенің өткізгіштігін бұзады, біріншіден афференттік, содан кейін эфференттік талшықтары сөнеді. Жүйкеге кокаинді салғаннан кейін әрбір минут сайын аяқтың рефлекторлық реакциясын тексеру қажет. Рефлекторлық реакцияның жойылуы афференттік талшықтардың өткізгіштігін жоғалтуының дәлелі болып табылады.
Сонымен қатар оң жақтағы аяқтың ет тонусын сол аяқпен салыстырмалы түрде байқап отырады. Оң жақ аяқтың ұзарғанын көруге болады.
3) Эфференттік жолдың рөлін анықтау үшін:
а) оң жақ аяқтың рефлексі жойылғаннан кейін сол жақ аяқты тітіркендіріп, оң жақ аяқтың жауап реакциясын бақылау керек. Содан соң қышқылмен дымқылданған қағазды бақаның арқасына салып қояды. Сонда екі аяқтың да жауап реакциясы байқалады. Оң жақ аяқтың жауап реакциясы онда қозғалтқыш талшықтардың өткізгіштігінің бұзылмағандығының дәлелі болып саналады. Бақаның арқа жағындағы қышқылды сумен дымқылданған мақтамен кетіреді. Бақаны суға салуға болмайды, өйткені ол жүйкенің кокаинизациялауы кезінде кедергі туғызады;
б) бақылауды жалғастырып, сол жақ аяқты тітіркендірген кезде оң жақ аяқтың жауап реакциясының жойылуын белгілеу керек. Егер оң жақ аяқтың рефлекторлық реакциясы ұзақ уақытқа дейін созылса, шонданай жүйкесін жоғарырақ жақтан кесіп тастап, тоқтатуға болады. Одан соң бақа денесінің басқа бөлімдерін тітіркендіргенде, оң жақ аяқтың жауап реакциясын көрсетпейтінін тексеру қажет.
Шонданай жүйкесін кесіп тастағаннан кейін оң жақ аяқтың ет тонусының қалай өзгергенін бақылауға болады.
4) Орталық жүйке жүйесінің рөлін анықтау үшін:
а) бақаның сол жақ аяғына қышқылмен әсер етіп, не болмаса іскекпен қысып, рефлекторлық жауап реакциясын бақылайды;
б) бақаның жұлынын жұлын жолына сапты инені енгізіп, бірнеше рет бұрау арқылы бұзады. Сол кезде барлық рефлекторлы реакциялардың көрініс беруі жойылады.
Экспериментті талдап, рефлекторлық доғаға мына буындардың (рецепторлар, афференттік жол, орталық жүйке жүйесі, эфференттік жол) қатысатынын дәлелдеу керек.
Рефлекторлық доғаның суретін салып, рефлекторлық сақина туралы не білетініңізді еске түсіріп, қандай байқаулар еттің тонусының рефлекторлық сипатын анықтауға мүмкіндік бергенін баяндау керек.
Бақылау сұрақтары:
1. Рефлекторлық доға дегеніміз не?
2. Рефлекс жолы қандай қызмет атқарады?
3. Рефлекторлық доғаның сақиналы сипатын қалай түсінесіз?
4. Биологиялық маңызына қарай рефлекстер қалай бөлінеді?
5. Рецепторлар табиғатына қарай рефлекстер нешеге бөлінеді?
6. Шартты және шартсыз рефлекс арасындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?
7. Тікелей және кері афферентация деген не?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет