Тәжірибелік сабақ 5-8. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Метатану дағдылары.
Жоспары
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
Метатану дағдылары.
Табыс критерийлері
Әлеуметтік - сындарлылық тұрғыдан оқытуды түсінуді (Vygotsky ,1978 , Wood 1998) осы бағдарламада айтылған «Білім беру мен білім алудың жаңа тәсілдер»негізінде жатыр. Балалар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылады. «Диалог негізінде оқыту және оқу»,метасана немесе «Қалай оқу керектігін үйрену» деген атаулармен танымал педагогикалық тәсілдер әлеуметтік - сындарлылық идеяларының қазіргі заманғы маңызды түсіндірмелері ретінде қолданылады. Жеті модуьдің барлығында қарастырылатын идеяларды оқыту мен оқудың жаңа тәсілдері деп санауға болатынына қарамастан, біз жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйренуді» ғана қарастырамыз, себебі олар әлуметтік-сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты. Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасу жәнне мұғалім мен оқушы арасындығы диалогтің шәкірттерді өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамуына көмектесетін амал екенін көрсетеді. «Қалай оқу керектігін үйрену» немесе метасана оқушыларға оқуды өз бетінше жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді.
«Метатану» термині оқушылардың саналы білім алуы мен ойлауын дамытуға ықпал ететін бірқатар үдерістерге қатысты қолданылады. Метатануға танымдық үдерістерді қарастыру үшін танымдық үдерістерді қолдану, соның ішінде қатесін танып –білу және ойлаужы бақылау деген анықтама беруге болады.
Флейвелл (1976) өткізген алғашқы кең көлемді метатану зерттеуінде ерте жастығы балаларға еске сақтауға арналған тапсырмалар беріледі. Бестен жеті жасқа дейінгі оқушыларға зерттеуші белгілі ретпен бірқатар заттарды көрсетті. Он бес секундтан кейін балалардан осы реттілікті бұзбай еске түсіру сұралды. Ересектеу балалар бір нәрсені есте сақтау қажет болса, ол үшін күш салу керек екендігін түсінді. Олар қайталау тәсілін пайдаланып, кезектілік ретін есте сақтады. Ал неғұрлым кішірек балалар бұл тәсілді пайдаланбағандықтан, еске сақтай алмады. Қайталау қажеттігі туралы кеңес алғаннан кейін ғана олар тапсырманы дұрыс орындап шықты. Кеңес берілмеген жағдайда оқушылар білім алу уақытын тиімсіз пайдаланады. Флейвелл мұндай қабілеті жетіп тұрса да, «тәсілдерді пайдаланбауды» «өнімділік тапшылығы» деп сипаттайды.
Метатану аспектілерін сиппаттау
Өз жұмысының нәтижесін де Флейвелл метатануы өлшеудің үш құрылымын сийпаттай отырып, балалар метатанудың мониторингі мен талдауының негізін анықтады:
Білім алушы тұлға ретінде өзі туралы білімі
Мақсаттар мен тапсырмаларды білу, түсіну және бағалау
Тапсырманы орындауға қажеті статегияларды білу және оларды бақылау.
Бірінші өлшем жеке білімге қатысты: өзін оқушы ретінде тани отырып, бала, мысалы, өзінің мықты және әлсіз жақтарын сезінеді, оқу үдерісінде не ұнайтынын, не ұнамайтынын түсінеді және жеке мақсаттарды белгілеу қабілеті туындайды. Флейвелл оқушылардың өзінің оқуын саналы түрде сезінуі дамыған сайын балалардың басқа оқушылардың да өз оқына қатысты таңдауы,кушті және әлсіз жақтары бар екендігі туралы метатанымдық түсінігінің де кеңейетіндігін анықтады.
Флейвеллдің екінші өлшемі тапсырмаға бағытталған,ол оқушының өз мақсаты мен тапсырманы білу,түсіну және бағалауды қамтиды. Метатанудың бұл аспектісі оқушының тапсырманы қалай талдайтынын және бағалайтынын немесе күрделірек деңгейін қалай салыстыратынын көрсетеді.
Сондай-ақ үшінші метатанымдық құрылымы Флейвелл тапсырманы орындауға қажетті білім мен тәсілдерді бақылау деп анықтайды. Оқушылардың орындауы қажет тапсырманы анықтауы және бір немесе бірнеше тәсілдердің көмегімен орындау жоспарын құруы стратегиялық бақылау көрсеткіші болып табылады. Түрлі тәсілдедің салыстырмалы түрдегі тиімділігі бағаланып, оқушылар өз әрекеттерін түсіндіреді. Оқушылардың таңдауы мүмкін тәсілдерінің біреуі - басқалардың білім аясы кеңірек болу мүмкін деген жеке көзқарасына байланысты олардан қөмек сұрау.
Табыс, ұмтылыс және тиімді тәсілдерді қолдану арасындағы негізгі байланысты қалыптастыратын болғандықтан,метатану ұғымын бір оқушының «қалай оқу керектігін үйренуі» деп қарастыруға болады. Метатанымдық қабілеттердің дамуы мен тиімді ойлау мен оқудың арасында байланыс бар.
Шанк пен Циммерман (1994) балалардың өз оқуын бақылауға алу мен оны жүргізу барысында оларға дербестік беруге назар аударды. Өз бетінше жұмыс істеу және даму ниетін авторлар метатанудың маңызды аспектісі ретінде таниды. Оқу удерісінің табысты болуы ынталандыру, әлеуметтік және эмоционалдық себептер арасындағы күрделі әрекеттестік пен метатанымдық білімге байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |