Мақсаты: Бездердің құрылысымен танысу және маңызын түсіну
Жұмыс барысы:
1. Таблицалар мен муляждар арқылы ішкі секреция бездерінің сыртқы құрылысын қарау
2. Қалқанша бездің мысалында бездердің ішкі құрылысын қарау
Теориялық сұрақтар: Ішкі секреция бездері туралы түсінік.
Әдебиеттер: Дүйсембин Қ. Жасқа сай физ. және мектеп гигиенасы –326-353беттер
Сәтбаева Х.Қ. Адам физиологиясы –86-104, 110-130 беттер.
Секреция – латын тілінен аударғанда secretio бөлініс деген мағынаны береді. Секреция адам ағзасына физиологиялық маңызы бар көп немесе аз мөлшерде секреттердің пайда болып, бөлінуі. Секреция екі топқа бөлінеді: ішкі немесе эндокринді және сыртқы, экзокринді. Эндокринді бездердің сөлін шығаратын өзегі жоқ,без жасушалары қан және лимфа капиллярларымен өте жиі торланған. Сондықтан без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді.