Аш ішектің бүрлері. Бүйірлік беттері. Электронды микрофотограмма. ТЭМ. х1000.. 498 сур, 326 бет, см. Гистология, цитология және эмбриология атласы (Р.Б.Абильдинов, Ж.О. Аяпова, Р.И. Юй). «Эффект» баспасы, Алматы 2006, 416 бет
Ішек бүрлерінің призма тәрізді (бағана) эпителиоциттері. Электронды микрофотограмма. ТЭМ. х 8800, 499 сур, 326 бет, Гистология, цитология және эмбриология атласы (Р.Б.Абильдинов, Ж.О. Аяпова, Р.И. Юй). «Эффект» баспасы, Алматы 2006, 416 бет
Аш ішек крипталарындағы (ішек бездері) ацидофильді боялған дәндері бар жасушалар. Электронды микрофотограмма. ТЭМ х 4000, 504 сур, 328 бет, Гистология, цитология және эмбриология атласы (Р.Б.Абильдинов, Ж.О. Аяпова, Р.И. Юй). «Эффект» баспасы, Алматы 2006, 416 бет
Аш ішек эпителийінің эндокриноциттері. Электронная микрофотограмма ТЭМ х 17500, 505 сур, 329 бет, см. Гистология, цитология және эмбриология атласы (Р.Б.Абильдинов, Ж.О. Аяпова, Р.И. Юй). «Эффект» баспасы, Алматы 2006, 416 бет
Тоқ ішектің кілегейлі қабығының эпителийі. Электроннды микрофотограмма ТЭМ х 6000, 507 сур, 329 бет, Гистология, цитология және эмбриология атласы (Р.Б.Абильдинов, Ж.О. Аяпова, Р.И. Юй). «Эффект» баспасы, Алматы 2006, 416 бет
чч
Ситуациялық есептер
1. Анализде асқазан сөлінің қышқылдығының күрт төмендегенін көрсетті. Бұл қай жасушаның қызметінің бұзылғандығын көрсетеді?
2. Студенттердің арасында мынандай келіспеушілік туды: бірі асқазан бездері кілегейлі қабығында орналасады десе, екіншілері кілегей асты негізінде деді, ал үшінші студент аталған екі қабығында да бездер бар екендігін айтты. Қай студенттің айтқаны дұрыс?
3. Асқазанды гистологиялық зерттеуден өткізу барысында эпителийінде бокал тәрізді жасушалардың жоқ екені байқалды. Бұл қалыпты жағдай ма, жоқ па?
4. Науқасты зерттеу барысында байқалғаны: асқазаны белокты тағамды қорытпайды екен және асқазан сөлінің қышқылдық қасиетіде төмен. Бұл жағдайда асқазан безінің қай жасушаларының қызметі бұзылған?
5.Асқазаннан алынған кесіндіні ШИҚ-пен өңдегенде, кілегейлі қабықтың құрамында ашық қызыл түске боялған эпителиоциттер көрінеді. Бұл эпителиоциттер қандай секрет бөледі? Асқазанның қай бөлігінде кездеседі?
6.Асқазанның екі бөлігінен алынған материалдың бірінде кілегейлі қабық безінде мукоциттері көбірек кездеседі, ал екіншісінде басты және париетальді жасушалар көбірек көрінді. Бұл асқазанның қандай бөлігі? Берілген жасушалар қандай секрет бөледі?
7.Қабырғалық ас қорыту мен сору процесін анықтау тапсырмасы берілген. Бұл есепті шешу үшін асқорыту жүйесінің қандай мүшесі керек?
8. «Жіңішке ішекте без бар ма?» деген сұраққа бір студент бар деп, ал екіншісі «жоқ» деп жауап берді? Қайсысы дұрыс?
9.Аш ішектің крипталарындағы жасушалардың апикальді бөлігінде ацидофильді түйіршіктер табылды. Бұл қандай жасушалар? Қызметтерін атаңыз.
10.Құрт тәрізді өсіндіні «ішек миндалинасы» деп айтатыны белгілі. Бір студент мұны миндалина мен құрт тәрізді өсіндіде лимфоидты тін мен көп қабатты эпителийдің болуымен түсіндірді. Студенттің бұл ойымен келісесіз бе?
11. Дәрігерлік практикада аса қажет жағдайда науқасқа қоректік заттарды клизма көмегімен енгізеді. Тоқ ішектің кілегейлі қабығының эпителийінен қандай жасушаларды ажыратуға болады және бұлардың ішінен қоректік заттардың сорылуын қамтамасыз ететіні қайсысы?
Достарыңызбен бөлісу: |