Сабақ. Қатерлі ісік дамуының молекулалық механизмдері Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар



бет6/6
Дата05.01.2023
өлшемі217,41 Kb.
#60432
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ақпараттық блок. Қатерлі ісік дамуының молекулалық механизмдері

Канцерогенез сатылары
Канцерогенез үдерісінде үш негізгі сатыны бөліп көрсетуге болады: ини­циация, промоция және прогрессия. 
1. Инициация. Барлық ісік, жеке жасуша ДНҚ-сының зақымдалуынан басталады. Бұл генетикалық өзгерістер канцерогенді немесе онкогенді вирустар арқылы болуы мүмкін. Бірақ, ісіктің инициациясында протоонкогендердің зақымдалуы маңызды. Бұл зақымдалу сомалық жасушаның трансформацияланып, ісікке айналуында маңызды болып табылады. Ісіктің инициациясына, сонымен қатар антионкогендердің (онкосурпессор гендер) зақымдалулары да алып келуі мүмкін.
2. Ісіктің промоциясы – бұл ісікке алып келетін фактормен зағымдалған жасушаның бөлінуі. Бұл үрдіс жылдар бойы созылуы мүмкін.
3. Ісіктің прогрессиясы — бұл қатерлі ракке алып келетін өзгерген жасушалардың қарқынды бөлінуі, инвазивті өсуі және метастаз беруі.
Қорыта келгенде, рак қарт және егде адамдарда дамиды. Себебі гендерде кездейсоқ пайда болған мутациялар, көп жылдар бойы жинақтап, қажетті деңгейге жеткенде рак ауыруына алып келеді.
Ағзаның иммундық жүйесінің жас өткен сайын әлсіреуі нәтижесінде өзгерген жасушалар тірі қалып, рактың пайда болуына себеп болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет